Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін білім беру саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Лисаков қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 1 шілдедегі № 302 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 7 тамызда № 4972 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Лисаков қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 43 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Лисаков қаласы әкімдігінің 26.01.2016 № 43 қаулысымен (қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 18-бабы 2) тармақшасына, 238-бабының 3-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 2-тармағына сәйкес Лисаков қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін білім беру саласындағы мамандары лауазымдарының тізбесі айқындалсын.
      2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Лисаков қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі                                 М. Жүндібаев

      КЕЛІСІЛДІ

      Лисаков қалалық
      мәслихатының хатшысы
      _______________ Г. Жарылкасымова

Әкімдіктің       
2014 жылғы 1 шілдедегі 
№ 302 қаулысына     
1-қосымша       

Азаматтық қызметші болып табылатын
және ауылдық жерде жұмыс істейтін білім беру саласындағы
мамандары лауазымдарының тізбесі

      Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін білім беру саласындағы мамандарының лауазымдары:
      1) барлық мамандықтағы мұғалімдер;
      2) мектеп директоры;
      3) оқу, тәрбие жұмыстары жөніндегі мектеп директорының орынбасары;
      4) қосымша білім беру педагогы;
      5) педагог–психолог;
      6) аға жетекші;
      7) кітапханашы;
      8) тәрбиеші;
      9) музыкалық жетекші;
      10) дене тәрбиесі жөніндегі нұсқаушы;
      11) қазақ тілі оқытушысы;
      12) әлеуметтік педагог;
      13) медициналық бике.

Әкімдіктің       
2014 жылғы 1 шілдедегі 
№ 302 қаулысына     
2-қосымша       

Лисаков қаласы әкімдігінің күші жойылған
кейбір қаулыларының тізбесі

      1. Лисаков қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 26 ақпандағы № 315 "Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін білім беру мамандары лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-4-112 болып тіркелген, 2008 жылғы 10 сәуірде "Лисаковская новь" газетінде жарияланған).
      2. Лисаков қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 14 маусымдағы № 316 "Әкімдіктің 2008 жылғы 26 ақпандағы № 315 "Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін білім беру мамандары лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысына толықтырулар енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-4-187 болып тіркелген, 2011 жылғы 28 шілдеде "Лисаковская новь" газетінде жарияланған).
      3. Лисаков қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 25 қазандағы № 476 "Лисаков қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 26 ақпандағы № 315 "Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін білім беру мамандары лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4306 болып тіркелген, 2013 жылғы 12 желтоқсанда "Лисаковская новь" газетінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады