2013 жылға Алтынсарин ауданында мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Алтынсарин ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 14 ақпандағы № 53 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 15 наурызда № 4064 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңы 31-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңы 7-бабының 5-2) тармақшасына сәйкес Алтынсарин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мүгедектер үшін Алтынсарин ауданында 2013 жылға жұмыс орындарының жалпы санынан үш пайыз мөлшерінде квотасы белгіленсін;
      2. "Алтынсарин ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі мүгедектердің бос жұмыс орындарына жұмысқа орналасуға жолданауын квотаға сәйкес қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алтынсарин
      ауданының әкімі                            Б. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады