Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Алтынсарин ауданы мәслихатының 12.12.2013 № 149 шешімімен.
"Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18-бабына сәйкес, Алтынсарин аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Ауданның ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау 2013 жылға ұсынылсын.
2. Осы баптың іс-әрекеті ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын ветеринария пункттерінің ветеринария мамандарына таратылады.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Кезектен тыс
сессиясының төрайымы Д. Ержанова
Алтынсарин аудандық
мәслихатының хатшысы Б. Есмұханов
КЕЛІСІЛДІ:
"Алтынсарин ауданы әкімдігінің
экономика және қаржы бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
_____________________ Е. Павлюк