Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Аманкелді ауданы әкімдігінің 22.07.2013 № 101 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысымен бекітілген, Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасының 12-тармағына сәйкес, Аманкелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2013 жылға субсидия алушылардың тізіміне қосуға арналған өтінімдерді ұсыну мерзімдері айқындалсын:
көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзуге қажеттi жанар-жағар май материалдары мен басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың, оның ішінде көктемгi егiс жұмыстарын жүргiзуге қажеттi лизинг шартының негізінде сатып алынған тұқымның құнын арзандатуға 5 сәуірден бастап 31 мамырға дейін;
тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) мен гербицидтердің құнын арзандатуға 5 сәуірден бастап 1 шілдеге дейін.
2. 2013 жылға субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдері осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.Т. Карбозовқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі және 2013 жылғы 5 сәуірден бастап туындаған қатынастарға таратылады.
Аудан әкімі Ж. Таукенов
КЕЛІСІЛДІ:
"Аманкелді ауданының
кәсіпкерлік және
ауыл шаруашылығы
бөлімі" коммуналдық
мемлекеттік
мекемесінің басшысы
________ Е. Ещанов
Әкімдіктің
2013 жылғы 06 маусымдағы
№ 84 қаулысына
қосымша
2013 жылға субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы
дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдері
№ |
Басым ауыл шаруашылығы |
Себу мерзімдері |
1 |
Жаздық бидай |
15 мамырдан 31 мамыр аралығы |
2 |
Арпа |
20 мамырдан 5 маусым аралығы |
3 |
Сұлы |
15 мамырдан 31 мамыр аралығы |
4 |
Тары |
20 мамырдан 5 маусым аралығы |
5 |
Қарақұмық |
20 мамырдан 31 мамыр аралығы |
6 |
Бұршақ тұқымдастар |
20 мамырдан 31 мамыр аралығы |
7 |
Майлы дақылдар |
18 мамырдан 30 мамыр аралығы |
8 |
Жемшөптік |
15 мамырдан 10 маусым аралығы |
9 |
Дәнді дақылдар аймақтық |
15 мамырдан 5 маусым аралығы |
10 |
Сүрлемдік жүгері мен |
15 мамырдан 31 мамыр аралығы |
11 |
Картоп |
10 мамырдан 31 мамыр аралығы |
12 |
Көкөніс - бақша |
25 сәуірден 10 маусым аралығы |