Мәслихаттың 2011 жылғы 14 қыркүйектегі № 258 "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы мәслихатының 2013 жылғы 19 сәуірдегі № 76 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 23 сәуірде № 4105 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы мәслихатының 2013 жылға 2 қазандағы № 106 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы мәслихатының 02.10.2013 № 106 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысымен бекітілген "Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу" мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес, Әулиекөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Мәслихаттың "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" 2011 жылғы 14 қыркүйектегі № 258 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-7-142 тіркелген, 2011 жылғы 6 қазанда "Әулиекөл" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің 1-тармағының 6) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
      "6) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғаларға, соғысқа қатысушыларға жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғалардың басқа да санаттарына, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған адамдар үшін Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне орай, бір жолғы, 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.";
      осы шешімнің қосымшасындағы 2-тармақтың 6) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
      "6) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғаларға, соғысқа қатысушыларға жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғалардың басқа да санаттарына, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған адамдар үшін Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне орай- егер аталған азамат уәкілетті органда есепте тұрмаған жағдайда, алушының мәртебесін растайтын құжат.".
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алтыншы
      сессияның төрағасы                         Ю. Волков

      Аудандық
      мәслихаттың хатшысы                        А. Бондаренко

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Әулиекөл ауданы әкімдігінің
      жұмыспен қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      ___________________ Дангилов С.С.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады