"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына сәйкес, Әулиекөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудан әкімдігінің 2013 жылғы 5 наурыздағы № 118 "Әулиекөл ауданында 2013 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4080 тіркелген, 2013 жылдың 11 сәуірінде "Әулиекөл" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1) кіріспе сөзбасы жаңа редакцияда жазылсын:
""Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7–бабының 5) тармақшасына, 20-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысымен бекітілген, Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың ережесіне сәйкес, Әулиекөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:".
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Р.С. Нұғмановаға жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі А. Балғарин
"Әулиекөл ауданы әкімдігінің
жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі" ММ
басшысының міндетін атқарушы
______________ Л.Е. Тетерюк