Аудан әкімдігінің 2013 жылғы 2 қазандағы № 347 "Кемінде жиырма бес пайызға жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесін анықтау туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 10 сәуірдегі № 86 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 6 мамырда № 4679 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 17 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешен мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңының 1-бабының 5-тармағына сәйкес, Әулиекөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудан әкімдігінің 2013 жылғы 2 қазандағы №347 "Кемінде жиырма бес пайызға жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет мамандары лаузымдарының тізбесін анықтау туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4268 тіркелген, аудандық "Әулиекөл" газетінде 2013 жылғы 31 қазанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) көрсетілген қаулының атауы жаңа редакцияда жазылсын:
      "Кемінде жиырма бес пайызға жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, ветеринария саласындағы мамандар лаузымдарының тізбесін айқындау туралы";
      2) көрсетілген қаулының 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
      "1. Аудандық бюджет қаражаты есебінен кемінде жиырма бес пайызға жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, ветеринария саласындағы мамандар лаузымдарының тізбесі, осы қаулының қосымшасына сәйкес анықталсын.";
      3) қосымшаның тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
      "Аудандық бюджет қаражаты есебінен кемінде жиырма бес пайызға жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі";
      мынадай мазмұндағы 3435 тармақтарымен толықтырылсын:
      "34. мал дәрігері;
      35. мал фельдшері.".
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Р.С. Нұғмановаға жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                А. Балғарин

      КЕЛІСІЛДІ:

      Әулиекөл аудандық
      мәслихатының хатшысы
      ________ Бондаренко А.И.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады