Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы мәслихатының 2013 жылғы 26 қарашадағы № 114 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 29 қарашада № 4321 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы мәслихатының 2014 жылғы 14 қарашадағы № 194 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы мәслихатының 14.11.2014 № 194 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Әулиекөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды (бұдан әрі – кемтар балалар) үйде оқытуға жұмсалған шығындарды (бұдан әрі–оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу) жеке оқыту жоспары бойынша ай сайын төрт айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өтелсін.
      2. Мыналар:
      1) кемтар балаларды оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу "Әулиекөл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырылады;
      2) оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу кемтар балалардың ата-аналарына және басқа заңды өкілдеріне (бұдан әрі - алушылар) төленеді;
      3) оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу үшін алушы келесі құжаттарды:
      өтінішін;
      алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
      тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты;
      баланың туу туралы куәлігінің көшірмесін;
      психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытын-дысын;
      мүгедектігі туралы анықтаманың көшірмесін;
      банктегі шоттың бар болуы туралы құжаттың көшірмесін;
      үйде оқытылатынын растайтын құжатты ұсынады;
      4) оқытуға жұмсалған шығындарын өтеу тиісті оқу жылы ішінде өтініш берілген айдан бастап тағайындалады және әрбір кемтар балаға төленеді деп белгіленсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кезектен тыс сессияның төрайымы            А. Жансүгірова

      Аудандық мәслихаттың хатшысы               А. Бондаренко

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Әулиекөл ауданы әкімдігінің
      жұмыспен қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік
      мекемесі басшысының уақытша
      міндетін атқарушы
      ______________ Айсин Ә.С.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады