Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы мәслихатының 2014 жылғы 14 қарашадағы № 194 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 11 желтоқсанда № 5224 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы мәслихатының 2020 жылғы 11 маусымдағы № 402 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы мәслихатының 11.06.2020 № 402 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Әулиекөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды (бұдан әрі – кемтар балалар) үйде оқытуға жұмсалған шығындарды (бұдан әрі-оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу) жеке оқыту жоспары бойынша ай сайын төрт айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өтелсін.

      2. Мыналар:

      1) кемтар балаларды оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу "Әулиекөл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырылады;

      2) оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу кемтар балалардың ата-аналарына және басқа заңды өкілдеріне (бұдан әрі – қызметті алушылар) төленеді;

      3) оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу үшін қызметті алушы мынадай құжаттарды ұсынады:

      өтініш;

      қызметті алушының, заңды өкілінің жеке басын куәдандыратын құжат;

      тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат;

      психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы;

      мүгедектігі туралы анықтама;

      банктегі шоттың болуы туралы құжат;

      мүгедек баланың үйде оқу фактісін растайтын оқу орнының анықтамасы;

      Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.

      4) оқытуға жұмсалған шығындарын өтеу тиісті оқу жылы ішінде өтініш берілген айдан бастап тағайындалады және әрбір кемтар балаға төленеді деп белгіленсін.

      3. Мәслихаттың 2013 жылғы 26 қарашадағы № 114 "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4321 тіркелген, 2013 жылғы 5 желтоқсанда "Әулиекөл" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Кезектен тыс сессияның төрайымы

А. Жансүгірова

Аудандық мәслихаттың хатшысы

А. Бондаренко


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады