Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы Приречен ауылдық округі әкімінің 16.07.2014 N 1 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 7) тармақшасына сәйкес, Денисов ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың 2013 жылғы 12 сәуірдегі № 05-20/180 ұсынысы негізінде, Приречен селолық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Приречен селолық округінің Окраинка, Приреченка селолары жеке аулаларының аумағында және Приречен селолық округінің аумағында орналасқан "Приреченское" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мал шаруашылығы кешені аумағында ірі қара малдың туберкулез ауруы пайда болғанына байланысты шектеу шаралары белгіленсін.
2. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Денисов аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті Денисов ауданы бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) қолданыстағы заңнамаға сәйкес осы шешімнен туындайтын шараларды қабылдау ұсынылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау "Приречен селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің бас маманы Р.Д. Чешунге жүктелсін.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.
Приречен селолық
округінің әкімі В. Борисов
КЕЛІСІЛДІ:
"Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлігі
Ветеринариялық бақылау және
қадағалау комитетінің Денисов
аудандық аумақтық инспекциясы"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
__________________ Қ. Исмағұлов
"Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау министрлігі Мемлекеттік
санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау
комитетінің Қостанай облысы бойынша
департаменті Денисов ауданы бойынша
мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық
қадағалау басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің басшысының міндетін атқарушы
___________________ С. Бакиев