Мәслихаттың 2008 жылғы 8 ақпандағы № 54 "Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтіндердің лауазымдық жалақылары мен тарифтік ставкалары теңестіріліп, аудандық бюджет қаржысы есебінен қызметтің осы түрлерімен айналысушы қала жағдайында өмір сүретін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру салаларындағы қызметші азаматтардың жалақыларын жиырма бес пайызға көтеруді белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Жітіқара ауданы мәслихатының 2013 жылғы 30 қыркүйектегі № 168 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 29 қазанда № 4277 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Жітіқара ауданы мәслихатының 2014 жылғы 19 наурыздағы № 205 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Жітіқара ауданы мәслихатының 19.03.2014 № 205 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Жітіқара аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Мәслихаттың 2008 жылғы 8 ақпандағы № 54 "Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтіндердің лауазымдық жалақылары мен тарифтік ставкалары теңестіріліп, аудандық бюджет қаржысы есебінен қызметтің осы түрлерімен айналысушы қала жағдайында өмір сүретін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру салаларындағы қызметші азаматтардың жалақыларын жиырма бес пайызға көтеруді белгілеу туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 9-10-93 нөмірімен тіркелген, 2008 жылғы 21 наурызда "Житикаринские новости" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:
      "2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 238-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Жітіқара аудандық мәслихаты ШЕШТІ:";
      көрсетілген шешімнің атауында және 1-тармағында "ауылдық (селолық)" сөздері "ауылдық" сөзімен ауыстырылсын.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кезектен тыс
      сессияның төрағасы                         А. Кабиев

      Жітіқара аудандық
      мәслихатының хатшысы                       М. Кененбаева

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Жітіқара ауданы әкімдігінің
      экономика және бюджеттік
      жоспарлау бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің басшысы
      ________________ Г. Жидебаева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады