Әкімдіктің 2012 жылғы 10 желтоқсандағы № 790 "2013 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 24 қазандағы № 555 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 18 қарашада № 4302 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі Конституциялық Заңына, "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесімен сәйкестендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі Заңына сәйкес Жітіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Әкімдіктің 2012 жылғы 10 желтоқсандағы № 790 "2013 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3981 тіркелген, 2013 жылғы 17 қаңтарда "Пресс-экспресс" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулының кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабының 5) тармақшасына, 20-бабының 5-тармағына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген, Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың ережесінің 678-тармақтарына сәйкес Жітіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
      көрсетілген қаулымен бекітілген, 2013 жылға арналған қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылатын ұйымдардың тізбесінде, қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдерінде:
      бүкіл мәтін бойынша "селолық", "селосы" деген сөздер "ауылдық", "ауылы" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.К. Досмухамедовке жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жітіқара
      ауданының әкімі                            М. Утешов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады