Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің 15.01.2016 № 8 қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес Жітіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Әкімдіктің 2007 жылғы 10 тамыздағы № 582 "Жітіқара қаласында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындарды анықтау туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-10-77 тіркелген, 2007 жылғы 12 қазанда "Житикаринские новости" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына, "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңының 27-бабына, "Ішкі сауда ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 сәуірдегі № 371 қаулысына сәйкес Жітіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:".
2. Қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.С. Ибраевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі М. Утешов