Қамысты ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына 2013 жылы әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қамысты ауданы мәслихатының 2013 жылғы 29 наурыздағы № 110 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 17 сәуірде № 4099 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды (Қостанай облысы Қамысты ауданы мәслихатының 2014 жылғы 8 қаңтардағы № 1-10/2 хаты)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды (Қостанай облысы Қамысты ауданы мәслихатының 08.01.2014 № 1-10/2 хаты).

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабына сәйкес Қамысты аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Қамысты ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына 2013 жылы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау ұсынылсын.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың кезекті
      бесінші сессиясының төрағасы               А. Тілеубергенов

      Қамысты аудандық
      мәслихатының хатшысы                       Б. Рақымжанов

      КЕЛІСІЛДІ

      "Қамысты ауданының экономика және
      бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      _______________ К. Нұржанова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады