Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің 22.07.2013 № 223 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қарабалық ауданы әкімдігінің "Үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету туралы" 2012 жылғы 5 шілдедегі № 372 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-12-194 тіркелген, 2012 жылғы 1 тамызда "Что? Где? Когда?" газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының 6-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"6. Қарабалық ауданы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
әкімдіктің "Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балалары бар отбасыларына материалдық көмек көрсету туралы" 2008 жылғы 14 тамыздағы № 212 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-12-82 тіркелген, 2008 жылғы 18 қыркүйекте "Айна" газетінде жарияланған);
әкімдіктің "Қарабалық ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 14 тамыздағы № 212 "Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балалары бар отбасыларына материалдық көмек көрсету туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2009 жылғы 19 қаңтардағы № 15 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-12-90 тіркелген, 2009 жылғы 12 ақпанда "Айна" газетінде жарияланған).".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарабалық ауданы әкімінің орынбасары М.А. Исенбаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарабалық
ауданының әкімі М. Соқытбаев