Ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласының азаматтық қызметшілеріне жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қарабалық ауданы мәслихатының 2013 жылғы 27 қыркүйектегі № 163 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 29 қазанда № 4278 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарабалық ауданы мәслихатының 2014 жылғы 21 ақпандағы № 207 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарабалық ауданы мәслихатының 21.02.2014 № 207 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасы Еңбек кодексі 238-бабының 2-тармағын орындауда, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Қарабалық аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Аудандық бюджеті қаражаты есебінен қалалық жағдайында осы қызмет түрлерімен айналысатын, азаматтық қызметшілердің төлемақы және ставкасын салыстыру жөнінде ауылдық жерлерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласының азаматтық қызметшілеріне жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкалары белгіленсін.
      2. Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 20 қаңтардағы № 127 "Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім, мәдениет азаматтық қызметшілердің лауазымдық төлемін және тарифтік ставкасын арттырылған жиырма бес пайызын бекіту туралы" шешімінің (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-12-89, "Айна" газетінде 2009 жылдың 12 ақпанында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кезектен тыс сессия
      төрағасы, Аудандық
      мәслихаты хатшысының
      міндетін атқарушы                          Г. Ягодин

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қарабалық ауданы әкімдігінің
      қаржы бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің басшысы
      __________________ И. Захария

      "Қарабалық ауданы әкімдігінің
      экономика және бюджеттік
      жоспарлау бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің басшысы
      ____________________ Н. Бодня

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады