Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қарабалық ауданы мәслихатының 2013 жылғы 21 қазандағы № 170 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 8 қарашада № 4289 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарабалық ауданы мәслихатының 2014 жылғы 28 қарашадағы № 305 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарабалық ауданы мәслихатының 28.11.2014 № 305 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі Заңының 16-бабына сәйкес Қарабалық аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды (әрі қарай - бала-мүгедектер) жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын ай сайын тиісті жылға заңнамамен белгіленген, үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өндіріп алуын қамтамасыз ету.
      2. Анықталсын:
      1) бала-мүгедектерді үйде оқытуға шығындарын өтеу "Қарабалық ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен жасалады.
      2) шығындар үйде оқитын бала-мүгедектердің ата-аналарына және басқа заңды өкілдеріне өтеледі.
      3) шығынды өтеу үшін тұтынушы өтінішті, жеке куәліктің көшірмесін, тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесін, бала-мүгедектер үшін - тууы туралы куәлігінің көшірмесін, психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның үйде оқытуға ұсынысын, медициналық-әлеуметтік сараптаманың мүгедектігі туралы сараптамалық қорытындысын, банктік шот туралы құжаттың көшірмесін, үйде оқуды растайтын құжатты ұсынады.
      4) шығынды өтеу бойынша төлемдер 18 жасқа толмаған әрбір бала-мүгедекке ай сайын тиісті оқу жылының ішінде өтініш берген айдан бастап тағайындалады.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2013 жылдың 2 қыркүйектен бастап туындаған қатынастарға таратылады.

      Кезектен
      тыс сессия төрайымы                        Н. Осипова

      Аудандық мәслихаты
      хатшысының міндетін атқарушы               Г. Ягодин

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қарабалық ауданы әкімдігінің
      жұмыспен қамту және әлеуметтiк
      бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттiк мекемесінің басшысы
      ____________________ Т. Салмина

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады