Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қарабалық ауданы мәслихатының 2014 жылғы 28 қарашадағы № 305 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 22 желтоқсанда № 5236 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарабалық ауданы мәслихатының 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 421 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарабалық ауданы мәслихатының 24.12.2015 № 421 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі Заңының 16-бабына сәйкес Қарабалық аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды (бұдан әрі – кемтар балалар) үйде оқытуға жұмсалған шығындарды (бұдан әрі-оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу) жеке оқыту жоспары бойынша ай сайын төрт айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өтелсін.
      2. Мыналар:
      1) кемтар балаларды оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу «Қарабалық ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырылады;
      2) оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу кемтар балалардың ата-аналарына және басқа заңды өкілдеріне (бұдан әрі – қызметті алушылар) төленеді;
      3) оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу үшін қызметті алушы мынадай құжаттарды ұсынады:
      өтініш;
      қызметті алушының, заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжат;
      тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат;
      психологиялық–медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы;
      мүгедектігі туралы анықтама;
      банктегі шоттың болуы туралы құжат;
      мүгедек баланың үйде оқу фактісін растайтын оқу орнының анықтамасы.
      Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады;
      4) оқытуға жұмсалған шығындарын өтеу тиісті оқу жылы ішінде өтініш берілген айдан бастап тағайындалады және әрбір кемтар балаға төленеді деп белгіленсін.
      3. Мәслихаттың 2013 жылғы 21 қазандағы № 170 «Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4289 тіркелген, 2013 жылғы 14 қарашада «Айна» аудандық газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Кезектен тыс сессия төрайымы
      Аудандық мәслихаттың хатшысы

М. Тукпатуллина
Е. Аманжолов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады