Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарасу ауданы әкімдігінің 01.10.2013 № 197 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5-бабының 2-тармағына сәйкес Қарасу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қосымшаға сәйкес Қарасу ауданында халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тiзбесi анықталсын.
2. "Қарасу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғаларды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бойынша шараларды қамтамасыз етсiн.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарасу ауданы әкімінің орынбасары Е.З. Балжақаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Аудан әкімi А. Нұрғазинов
Әкімдіктің
2013 жылғы 23 қаңтардағы
№ 10 қаулысына қосымша
Қарасу ауданында халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тiзбесi
1. Жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар.
2. Елу жастан асқан жұмыссыз тұлғалар.
3. Үш ай және одан көп ай жұмыс iстемеген жұмыссыз тұлғалар.