Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қарасу ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 19 ақпандағы № 22 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 18 наурызда № 4067 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарасу ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 24 қазандағы № 206 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарасу ауданы әкімдігінің 24.10.2013 № 206 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 238-бабының 3-тармағына сәйкес, Қарасу аудандық мәслихатының 2013 жылғы 19 ақпандағы № 101 "Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін келісу туралы" шешімінің негізінде Қарасу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарасу ауданы әкімінің орынбасары Е.З. Балжақаевқа жүктелсін.
      3. Қарасу ауданы әкімдігінің "Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесін белгілеу туралы" 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 6 қаулысының (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 9-13-77 болып тiркелген, 2009 жылдың 18 ақпанда "Қарасу өңірі" газетiнде жарияланған) күшi жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қарасу
      ауданының әкімі                            А. Шәмшиев

      КЕЛІСІЛДІ:

      Қарасу аудандық маслихаттың
      кезектен тыс сессиясының төрағасы
      _______________ В. Бабушкин

      Қарасу аудандық маслихаттың
      хатшысы
      _______________ С. Қазиев

Әкімдіктің       
2013 жылғы 19 ақпандағы 
№ 22 қаулысына қосымша  

Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін
әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет
және спорт мамандары лауазымдарының тізбесі

      1. Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымдары:
      1) күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
      2) әлеуметтiк жұмыс жөнiндегi консультант.
      2. Білім беру мамандарының лауазымдары:
      1) барлық мамандықтағы мұғалімдер;
      2) мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорын басшысы мен басшысының орынбасары;
      3) мектеп жанындағы интернаттың, тұрғылықты орталықтың меңгерушісі;
      4) дене тәрбиесінің басшысы;
      5) алғашқы әскери даярлық басшысы;
      6) оқу, оқу-өндірістік, оқу-тәрбие, тәрбие жұмысы жөніндегі және қосымша білім берудің басқа да ұйымдары директорының орынбасары;
      7) логопед;
      8) әлеуметтік педагог;
      9) педагог-ұйымдастырушы;
      10) қосымша білім беру педагогы;
      11) педагог-психолог;
      12) аға тәрбиеші, тәрбиеші;
      13) музыкалық жетекші;
      14) аға жетекші;
      15) дене тәрбиесі жөніндегі нұсқаушы;
      16) оқу-өндірістік (оқыту) шеберханасының меңгерушісі;
      17) зертхананың, кабинеттің меңгерушісі;
      18) еңбек жөніндегі нұсқаушы;
      19) аға әдістемеші, әдістемеші;
      20) өндірістік оқыту шебері;
      21) аға шебері;
      22) медициналық бике;
      23) емдәм бикесі;
      24) хореограф;
      25) кітапханашы;
      26) кітапхана меңгерушісі;
      27) алғашқы әскери даярлық жөніндегі оқытушы-ұйымдастырушы.
      3. Мәдениет мамандарының лауазымдары:
      1) ұйымның директоры, басшысы, бастығы;
      2) бөлімше басшысы;
      3) директордың, басшының, бастықтың орынбасары;
      4) сектордың, бөлімнің, кітапхананың меңгерушісі;
      5) сектор, халық ұжымының басшысы;
      6) суретші-ресімдеуші, қоюшы суретші;
      7) бейне-дыбыс жазбаның, жарық аппаратурасының операторы;
      8) кітапханашы, аға кітапханашы, библиограф;
      9) мәдени ұйымдастырушы;
      10) аккомпаниатор;
      11) көркем басшысы;
      12) хореограф;
      13) әдіскер, аға әдіскер, жетекші әдіскер, нұсқаушы-әдіскер.
      4. Спорт мамандарының лауазымдары:
      1) әдіскер;
      2) нұсқаушы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады