Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарасу ауданы әкімдігінің 19.02.2013 № 22 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 238-бабының 3-тармағына сәйкес Қарасу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жергілікті бюджетінің қаражаты есебінен кемінде жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар және ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамысыз ету, білім беру және мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Жергілікті бюджетінің қаражаты есебінен кемінде жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар және ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру және мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесі Қарасу аудандық мәслихаты сессиясының келісуіне енгізілсін.
3. Осы қаулы оны алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Қ. Ахметов
Әкімдіктің
2009 жылғы 16 қаңтардағы
№ 6 қаулысына қосымша
Жергілікті бюджетінің қаражаты есебінен
кемінде жиырма бес процентке жоғары лауазымдық
жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы
бар және ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін
әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру және
мәдениет мамандары лауазымдарының
тізбесі
1. Әлеуметтік қамтамасыз ету мамандарының лауазымдары:
1) бағу жөніндегі әлеуметтік жұмыскер.
2. Білім беру мамандарының лауазымдары:
1) барлық мамандықтардағы мұғалімдері;
2) мектеп, шағармашылық үйінің, өнер мектебінің директоры;
3) мектепке дейінгі балалар мекеменің, мектеп жанындағы интернатының, тұрғылықты орталықтың директоры (меңгерушісі);
4) дене тәрбиесінің басшасы;
5) алғашқы әсери даярлық басшысы;
6) оқу, оқу-өндірістік, оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі және қосымша білім берудің басқа да ұйымдары директордың орынбасары;
7) логопед;
8) әлеуметтік педагог;
9) педагог-психолог;
10) қосымша білім беру педагогы;
11) педагог-психолог;
12) аудармашы;
13) аға тәрбиеші, тәрбиеші;
14) музыкалық жетекші;
15) аға жетекші;
16) дене тәрбиесі жөніндегі нұсқаушы;
17) оқу-өндірістік (оқыту) шеберханасының меңгерушісі;
18) зертхананың, кабинеттің меңгерушісі;
19) еңбек жөніндегі нұсқаушы;
20) аға әдістемеші, әдістемеші;
21) өндірістік оқыту шебері;
22) аға шебері;
23) медициналық бике;
24) кітапхана;
25) кітапхана меңгерушісі;
26) алғашқы әскери даярлық жөніндегі оқытушы-ұйымдастырушы.
3. Мәдениет мамандарының лауазымдары:
1) ұйымның директоры, басшысы, бастығы;
2) бөлімше басшысы;
3) директордың, басшының, бастықтың орынбасары;
4) сектордың, бөлімнің, қор қоймысының меңгерушісі;
5) сектор, халық ұжымының басшысы;
6) суретші-ресімдеуші, қоюшы суретші;
7) бейне-дыбыс ресімдеу жөніндегі маман;
8) кітапханашы, аға кітапханашы, библиограф;
9) мәдени ұйымдастырушы;
10) аккомпаниатор;
11) көркем басшысы;
12) хореограф;
13) әдіскер, аға әдіскер, жетекші әдіскер, нұсқаушы-әдіскер.