Әкімдіктің 2011 жылғы 18 ақпандағы № 60 "Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қарасу ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 29 тамыздағы № 174 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 7 қазанда № 4231 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарасу ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 26 маусымдағы № 161 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарасу ауданы әкімдігінің 26.06.2015 № 161 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына сәйкес Қарасу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Әкімдіктің 2011 жылғы 18 ақпандағы № 60 "Үгіттiк баспа материалдарын орналастыру үшiн орындарды белгiлеу туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-13-122 тіркелген, 2011 жылғы 23 ақпанда "Қарасу өңірі" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға қосымшада:
      реттік нөмірі 6-жолы жаңа редакцияда жазылсын:
      "

6

Железнодорожный ауылдық округі:
Железнодорожный ауылы, Новоленинская көшесі, 20,
("Железнодорожное-АМФ" жауапкершілігі шектеулі
серіктестігі тұрмыс үйі ғимаратының жанында),
Воронежская көшесі, 16 ("Железнодорожное-АМФ"
жауапкершілігі шектеулі серіктестігі кеңсе
ғимаратының жанында), Воронежская көшесі, 11
("Железнодорожное-АМФ" жауапкершілігі шектеулі
серіктестігі мәдениет үйі ғимаратының жанында);
Братский ауылы, Новая көшесі, 1 (пошта ғимаратының
жанында);
Теректі ауылы, Казақ көшесі, 2, ("Железнодорожный
ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік
мекемесі ғимаратының жанында);
Жекекөл ауылы, Ленин көшесі, 1, ("Қарасу ауданы
әкімдігі білім беру бөлімінің Жекекөл бастауыш
мектебі" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында).

                                                                   ";
      реттік нөмірі 16-жол алынып тасталсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қарасу
      ауданының әкімі                            А. Шәмшиев

      КЕЛІСІЛДІ:

      Қарасу аудандық аумақтық
      сайлау комиссияның төрайымы
      _____________ Р. Төлегенова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады