"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабының 8-тармағына, сәйкес Қарасу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қарасу ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 18 ақпандағы № 60 "Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде 2011 жылғы 18 ақпандағы № 9-13-122 тiркелген, 2011 жылы 23 ақпандағы "Қарасу өңірі" газетiнде жарияланған жарияланған), Қарасу ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 29 тамыздағы № 174 "Әкімдіктің 2011 жылғы 18 ақпандағы № 60 "Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысының күші жойылған деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде 2013 жылғы 7 қазанда № 4231 болып тіркелген, 2011 жылы 16 қазандағы "Қарасу өңірі" газетiнде жарияланған.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі А. Шәмшиев