Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарасу ауданы мәслихатының 23.11.2015 № 324 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қарасу аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды (бұдан әрі – кемтар балалар) үйде оқытуға жұмсалған шығындары (бұдан әрі - оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу) жеке оқыту жоспары бойынша ай сайын 2,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өтеу.
2. Мыналар:
1) кемтар балаларды оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу "Қарасу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырылады;
2) оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу кемтар балалардың ата-аналарына және басқа заңды өкілдеріне (бұдан әрі - алушылар) төленеді;
3) оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу үшін алушы келесі құжаттарды:
өтінішін;
алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаты;
баланың туу туралы куәлігінің көшірмесін;
психологиялық – медициналық - педагогикалық консультациясының қорытындысын;
мүгедектігі туралы анықтаманың көшірмесін;
банктегі шоттың бар болуы туралы құжаттың көшірмесін;
үйде оқытылатын растайтын құжатты ұсынады;
4) оқытуға шығындарын өтеу тиісті оқу жылы ішінде өтініш берілген айдан бастап тағайындалады және әрбір кемтар балаға төленеді деп белгіленсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Кезектен тыс
сессиясының төрағасы,
Қарасу аудандық
мәслихатының хатшысы С. Қазиев
КЕЛІСІЛДІ:
"Қарасу ауданы әкімдігінің
экономика және бюджеттік
жоспарлау бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
___________________ Е. Биркель
"Қарасу ауданының жұмыспен
қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
басшысы
________________ А. Ерменова