Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қарасу ауданы мәслихатының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 324 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 10 желтоқсанда № 6045 болып тіркелді. Тақырып жаңа редакцияда - Қостанай облысы Қарасу ауданы мәслихатының 2020 жылғы 3 шілдедегі № 414 шешімімен. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарасу ауданы мәслихатының 2021 жылғы 14 қазандағы № 60 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарасу ауданы мәслихатының 14.10.2021 № 60 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - Қостанай облысы Қарасу ауданы мәслихатының 03.07.2020 № 414 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі Заңының 16-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Қарасу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды (бұдан әрі – кемтар балалар) үйде оқытуға жұмсаған шығындарын (бұдан әрі - оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу) жеке оқыту жоспары бойынша ай сайын алты айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өндіріп алынсын.

      2. Мыналар:

      1) кемтар балаларды оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу "Қарасу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырылады;

      2) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үйде оқытылатын кемтар балалардың ата-аналарына және өзге де заңды өкілдеріне (бұдан әрі – алушы) беріледі;

      3) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үшін алушы мынадай құжаттарды:

      өтінішті;

      алушының жеке басын куәландыратын құжатты (жеке басын сәйкестендіру үшін);

      психологиялық - медициналық - педагогикалық консультацияның қорытындысын;

      мүгедектігі туралы анықтаманы;

      банк шотының нөмірі туралы мәліметтерді растайтын құжатты;

      оқу орнының мүгедек баланы үйде оқыту фактісін растайтын анықтамасын ұсынады.

      Құжаттарды салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, одан кейін құжаттардың түпнұсқалары алушыға қайтарылады;

      4) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тиісті оқу жылы ішінде өтініш берген айдан бастап тағайындалады және әрбір кемтар балаға төленеді деп белгіленсін.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қостанай облысы Қарасу ауданы мәслихатының 03.07.2020 № 414 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3.Мәслихаттың 2013 жылғы 22 қазандағы № 145 "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4301 тіркелген, 2013 жылғы 18 қарашада "Қарасу өңірі" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Кезектен тыс сессиясының


төрағасы, Қарасу аудандық


мәслихатының хатшысы

С. Қазиев

      КЕЛІСІЛДІ

      "Қарасу ауданының жұмыспен

      қамту және әлеуметтік

      бағдарламалар бөлімі"

      мемлекеттік мекемесінің

      басшысы

      ______________ А. Ерменова

      "Қарасу ауданы әкімдігінің

      экономика және бюджеттік

      жоспарлау бөлімі"

      мемлекеттік мекемесі

      басшысының міндет атқарушысы

      _________________ А. Қазиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады