Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды (Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 20.01.2014 № 22 хаты).
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 8-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысымен бекітілген, Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну ережесінің 2-тармағына сәйкес Қостанай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Ауданның ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау 2013 жылы ұсынылсын.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қостанай аудандық мәслихатының
кезекті сессиясының төрағасы А. Черкасов
Қостанай аудандық
мәслихатының хатшысы А. Досжанов
КЕЛІСІЛДІ:
Қостанай ауданы әкімдігінің
"Экономика және қаржы бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
________________ З. Кенжегарина