Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына 2013 жылға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Меңдіқара ауданы мәслихатының 2013 жылғы 18 сәуірдегі № 134 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 8 мамырда № 4127 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Меңдіқара ауданы мәслихатының 2013 жылғы 25 қазандағы № 185 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Меңдіқара ауданы мәслихатының 25.10.2013 № 185 шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 7-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына, "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысына сәйкес, Меңдіқара аудандық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Ауданның ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына 2013 жылға жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салу үшін бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылсын.
      2. Осы шешімнің күші ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын ветеринария пункттерінің ветеринария мамандарына қолданылады.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен сон қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы                            Ж. Джанатаева

      Аудандық мәслихаттың хатшысы               В. Леонов

      КЕЛІСІЛДІ

      "Меңдіқара ауданының экономика
      және бюджеттік жоспарлау бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      ______________ Г. Айсенова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады