Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Науырзым ауданы мәслихатының 2013 жылғы 11 қарашадағы № 159 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 4 желтоқсанда № 4326 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Науырзым ауданы мәслихатының 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 298 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Қостанай облысы Науырзым ауданы мәслихатының 22.04.2015 № 298 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық–педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңының 16-бабының 4) тармақшасына сәйкес Науырзым аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды (бұдан әрі – кемтар балалар) үйде оқытуға жұмсаған шығындарын (бұдан әрі – оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу) жеке оқыту жоспары бойынша тоқсанына сегіз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өтелсін.
      2. Мыналар:
      1) оқытуға жұмсаған шығындарын өтеуді "Науырзым ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі жүргізеді;
      2) оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу үйде оқытылатын кемтар балалардың ата-аналарына және өзге де заңды өкілдеріне (бұдан әрі – алушы) беріледі;
      3) оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу үшін алушы мынадай құжаттарды:
      өтінішті;
      алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
      кемтар балалар үшін – баланың туу туралы куәлігінің көшірмесін;
      тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты;
      психологиялық–медициналық–педагогикалық консультацияның қорытындысын;
      мүгедектігі туралы анықтаманың көшірмесін;
      банктегі шоттың бар болуы туралы құжаттың көшірмесін;
      үйде оқытылатынын растайтын құжатты ұсынады;
      4) әр кемтар балаға оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу тиісті оқу жылы ішінде жүргізіледі деп белгіленсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Сессия төрайымы,
      аудандық мәслихаттың хатшысы

З. Алдажұманова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады