Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Науырзым ауданы мәслихатының 21.12.2015 № 358 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық–педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңының 16-бабының 4) тармақшасына сәйкес Науырзым аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды (бұдан әрі – кемтар балалар) үйде оқытуға жұмсаған шығындарды (бұдан әрі – оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу) жеке оқыту жоспары бойынша тоқсанына сегіз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өтелсін.
2. Мыналар:
1) кемтар балаларды оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу "Науырзым ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырылады;
2) оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу кемтар балалардың ата-аналарына және басқа заңды өкілдеріне (бұдан әрі – қызметті алушылар) төленеді;
3) оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу үшін қызметті алушы мынадай құжаттарды ұсынады:
өтініш;
қызметті алушының, заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжат;
тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат;
психологиялық–медициналық–педагогикалық консультацияның қорытындысы;
мүгедектігі туралы анықтама;
банктегі шоттың болуы туралы құжат;
мүгедек баланың үйде оқу фактісін растайтын оқу орнының анықтамасы;
Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.
4) оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу тиісті оқу жылы ішінде өтініш берілген айдан бастап тағайындалады және әрбір кемтар балаға төленеді деп белгіленсін.
3. Мәслихаттың 2013 жылғы 11 қарашадағы № 159 "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу туралы", (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4326 тіркелген, 2013 жылғы 11 желтоқсанда "Науырзым тынысы" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы |
М. Кузембаев |
Аудандық |
З. Алдажұманова |
КЕЛІСІЛДІ
"Науырзым ауданының жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің басшысының м.а
______________ Г. Асанова
2015 жылғы "22" сәуір