2013 жылы Таран ауданы бойынша субсидия алушылардың тізіміне қосуға арналған өтінімдерді ұсыну мерзімдерін және субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарын оңтайлы себу мерзімдерін белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Таран ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 27 мамырдағы № 198 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 14 маусымда № 4152 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысымен бекітілген Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасының 12-тармағына, Қостанай облысы әкімдігінің 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 153 "2013 жылға арналған басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесін және субсидиялардың нормаларын белгілеу туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4112 тіркелген, 2013 жылғы 3 мамырдағы № 48 "Қостанай таңы" газетінде жарияланған) және "Қостанай ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2013 жылғы 2 сәуірдегі № 1-177 ұсыныстарына сәйкес Таран ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес 2013 жылы Таран ауданы бойынша субсидия алушылардың тізіміне қосуға арналған өтінімдерді ұсыну мерзімдері және субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарын оңтайлы себу мерзімдері белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Ә. Жақаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2013 жылғы 20 сәуірден бастап туындаған қатынастарға таратылады.

      Аудан әкімі                                Б. Өтеулин

      КЕЛІСІЛДІ

      "Таран ауданы әкімдігінің ауыл
      шаруашылығы бөлімі" ММ басшысы
      _______________ А. Оспанов
 

Таран ауданы әкімдігінің 
2013 жылғы 27 мамырдағы  
№ 198 қаулысына қосымша 

2013 жылы Таран ауданы бойынша субсидия алушылардың тізіміне қосуға арналған өтінімдерді ұсыну мерзімдері және субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарын оңтайлы себу мерзімдері


р/с

Дақылдардың
атауы

Өтінімдерді ұсыну
мерзімдері

Себу мерзімдері

1

Жаздық бидай

13 мамырдан бастап
8 маусымға дейін

15 мамырдан бастап
5 маусымға дейін

2

Күздік бидай

13 мамырдан бастап
8 маусымға дейін

25 тамыздан бастап
10 қыркүйекке дейін

3

Күздік қара
бидай

13 мамырдан бастап
8 маусымға дейін

25 тамыздан бастап
10 қыркүйекке дейін

4

Қарақұмық

13 мамырдан бастап
8 маусымға дейін

15 мамырдан бастап
5 маусымға дейін

5

Тары

13 мамырдан бастап
8 маусымға дейін

15 мамырдан бастап
5 маусымға дейін

6

Арпа

13 мамырдан бастап
8 маусымға дейін

15 мамырдан бастап
5 маусымға дейін

7

Сұлы

13 мамырдан бастап
8 маусымға дейін

15 мамырдан бастап
5 маусымға дейін

8

Дәнді -
бұршақ
тұқымдастар

13 мамырдан бастап
8 маусымға дейін

15 мамырдан бастап
5 маусымға дейін

9

Майлы
дақылдар

13 мамырдан бастап
8 маусымға дейін

15 мамырдан бастап
30 мамырға дейін

10

Картоп

13 мамырдан бастап
8 маусымға дейін

10 мамырдан бастап
5 маусымға дейін

11

Көкөністер

13 мамырдан бастап
10 маусымға дейін

25 сәуірден бастап
10 маусымға дейін

12

Бақша
дақылдары

13 мамырдан бастап
10 маусымға дейін

25 сәуірден бастап
10 маусымға дейін

13

Жемшөптік
дақылдар,
соның ішінде
бірінші,
екінші және
үшінші өсу
жылдарындағы
бұршақ
тұқымдас
көпжылдық
шөптер

13 мамырдан бастап
8 маусымға дейін

15 мамырдан бастап
10 маусымға дейін

14

Шабындық
жерлерді
шалғындандыру
үшін егілген
көпжылдық
шөптер

13 мамырдан бастап
8 маусымға дейін

бірінші мерзім - 1
мамырдан бастап 31
мамырға дейін,
екінші мерзім - 5
шілдеден бастап 10
қыркүйекке дейін

15

Сүрлемдік
жүгері мен
күнбағыс

13 мамырдан бастап
8 маусымға дейін

15 мамырдан бастап
31 мамырға дейін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады