Әкімдіктің 2009 жылғы 19 қаңтардағы № 19 "Аудандық бюджет қаражаты есебінен кемінде жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар, ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет саласының азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізбесін анықтауы туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 10 қазандағы № 244 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 31 қазанда № 4280 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 11 мамырдағы № 85 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 11.05.2014 № 85 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек Кодексінің 18–бабына238-бабының 3-тармағына сәйкес, Ұзынкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 19 қаңтардағы № 19 "Аудандық бюджет қаражаты есебінен кемінде жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар, ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет саласының азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізбесін анықтауы туралы" қаулыcына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-19-90 тіркелген, 2009 жылғы 12 ақпанда "Нұрлы жол" аудандық газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      тақырыбы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
      "Ауылдық жерде жұмыс істейтін, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесін анықтау туралы";
      1-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
      "1. Ауылдық жерде жұмыс істейтін, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес анықталсын.";
      қосымшасының тақырыбы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
      "Ауылдық жерде жұмыс істейтін, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесі".
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұзынкөл
      ауданының әкімі                            Т. Ташмағамбетов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Ұзынкөл аудандық мәслихатының
      кезектен тыс сессияның төрайымы
      _________________ С. Руденко

      Ұзынкөл аудандық
      мәслихатының хатшысы
      _________________ В. Вербовой

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады