Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін анықтау туралы

Күшін жойған

Павлодар облысының әкімдігінің 2013 жылғы 01 сәуірдегі N 96/4 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 22 сәуірде N 3512 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі N 329/10 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 18.09.2013 N 329/10 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 18-бабы 2)-тармақшасына238-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабы 2-тармағына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесі осы қаулының 12345-қосымшаларына сәйкес анықталсын.
      2. Павлодар облысы әкімдігінің:
      2008 жылғы 23 мамырдағы "Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін анықтау туралы" N 125/6, (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылғы 9 маусымда N 3113 болып тіркелді, 2008 жылғы 14 маусымда N 65 "Звезда Прииртышья", 2008 жылғы 12 маусымда N 64 "Сарыарқа самалы" газеттерінде жарияланды);
      2010 жылғы 16 сәуірдегі "Павлодар облысы әкімдігінің 2008 жылғы 23 мамырдағы "Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін анықтау туралы" N 125/6 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" N 77/6 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 11 мамырда N 3163 болып тіркелді, 2010 жылғы 20 мамырда N 53 "Звезда Прииртышья", 2010 жылғы 20 мамырда N 53 "Сарыарқа самалы" газеттерінде жарияланды) қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А.А. Өрсариевке жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш рет ресми түрде жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                                Е. Арын

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Облыстық мәслихат
      хатшысы                                    М. Көбенов
      2013 жылғы "29" наурыз

Павлодар облысы әкімдігінің
2013 жылғы "1" сәуір   
N 96/4 қаулысына     
1-қосымша         

Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін денсаулық
сақтау мамандары лауазымдарының тізбесi

      1. Мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорын басшысы және басшысының орынбасары (соның ішінде бірінші орынбасар).
      2. Бөлімше (бөлімшелер, филиал зертханасы, бөлім) басшысы.
      3. Дәріхана меңгерушісі.
      4. Мамандар: барлық мамандықтағы дәрігерлер, акушер, емдәм бикесі, тіс дәрігері, тіс технигі, медициналық бике, фельдшер, медициналық статистик, медициналық зертханашы, провизор (фармацевт), психолог, рентген зертханашысы, фармацевт, фельдшер (-зертханашы), әлеуметтік жұмыс бойынша маман (әлеуметтік қызметші).

Павлодар облысы әкімдігінің
2013 жылғы "1" сәуір   
N 96/4 қаулысына     
2-қосымша         

Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін әлеуметтік
қамсыздандыру мамандары лауазымдарының тізбесi

      1. Мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорын басшысы және басшысының орынбасары.
      2. Мамандар: дәрігер, тіс дәрігері, емдәм бикесі, медициналық бике, мамандандырылған медициналық бике, күтім көрсету бойынша әлеуметтік қызметкер, әлеуметтік жұмыс бойынша маман.

Павлодар облысы әкімдігінің
2013 жылғы "1" сәуір   
N 96/4 қаулысына     
3-қосымша         

Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін білім
беру мамандары лауазымдарының тізбесi

      1. Мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорын басшысы және басшысының орынбасары (шаруашылық жұмысы жөніндегі орынбасарынан басқа).
      2. Мектептен тыс ұйымдардағы қызығушылығы бойынша студия, клуб жетекшісі.
      3. Оқу-консультация пункті, шеберхана, зертхана, кабинет, сектор, бөлімшенің меңгерушісі.
      4. Мамандар: барлық мамандықтағы мұғалімдер, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орнының оқытушысы, жетекші, тәрбиеші, нұсқаушы, шебер, әдістемеші, музыкалық жетекші.

Павлодар облысы әкімдігінің
2013 жылғы "1" сәуір   
N 96/4 қаулысына     
4-қосымша         

Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін
мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесi

      1. Мәдениет және мұрағат ісі мемлекеттік мекемесі мен қазыналық кәсіпорын басшысы және басшысының орынбасары (шаруашылық жұмысы жөніндегі орынбасарынан басқа).
      2. Клуб, мұрағат, мұрағат қоймасының меңгерушісі, бөлімше, сектор, бөлімше (бөлім), филиал басшысы, көркем жетекші, үйірме жетекшісі.
      3. Мамандар: сүйемелдеуші, әртіс, библиограф, кітапханашы, дыбыс режиссері, дыбыс операторы, нұсқаушы, мәдени ұйымдастырушы, әдістемеші, суретші, хореограф, мұражай, мұрағат қорын сақтаушы, мұрағатшы, археограф.

Павлодар облысы әкімдігінің
2013 жылғы "1" сәуір   
N 96/4 қаулысына     
5-қосымша         

Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін
спорт мамандары лауазымдарының тізбесi

      1. Мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорын, филиал басшысы және басшысының орынбасары (шаруашылық жұмысы жөніндегі орынбасарынан басқа).
      2. Спорт имараттары, бассейн меңгерушісі.
      3. Мамандар: нұсқаушы, әдістемеші, жаттықтырушы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады