Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін анықтау туралы

Күшін жойған

Павлодар облыстық әкімдігінің 2008 жылғы 23 мамырдағы N 125/6 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2008 жылғы 9 маусымда N 3113 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 2013 жылғы 01 сәуірдегі N 96/4 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 01.04.2013 N 96/4 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Еңбек кодексi 238-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңы 27-бабының 2-тармағына сәйкес облыс әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тiзбесi 1, 2, 3, 4, 5-қосымшаларға сай анықталсын.
      2. Осы қаулы ресми түрде жарияланған күннен бастап он күнтiзбелiк күн өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi және 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарда қолданылады.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Р.М. Жұмабековнаға жүктелсiн.

      Облыс әкiмi:                                Қ. Нұрпейiсов

      Келiсiлдi:
      Облыстық мәслихат хатшысы                   Р. Гафуров

Павлодар облысы әкiмдiгiнiң       
2008 жылғы 23 мамырдағы         
"Ауылдық (селолық) жерлерде       
жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау,   
әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру,  
мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының
тiзбесiн анықтау туралы" N 125/6 қаулысына 
1-қосымша               

Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс iстейтiн
денсаулық сақтау мамандары лауазымдарының тiзбесi

      1. Мемлекеттiк мекеме және қазыналық кәсiпорын басшысы және басшысының орынбасары (соның iшiнде бiрiншi орынбасар).
      2. Бөлiмше (бөлiмшелер, филиал  зертханасы, бөлiм) басшысы.
      3. Дәрiхана меңгерушiсi.
      4. Мамандар: барлық мамандықтағы дәрiгерлер, акушер, емдәм бикесi, зарарсыздандыру нұсқаушысы, тiс дәрiгерi, тiс технигi, медициналық бике, фельдшер, медициналық статистик, медициналық зертханашы, провизор, психолог, эпидемиолог-дәрiгердiң көмекшiсi, рентген зертханашысы, фармацевт, фельдшер (зертханашы).

Павлодар облысы әкiмдiгiнiң       
2008 жылғы 23 мамырдағы         
"Ауылдық (селолық) жерлерде       
жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау,   
әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру,  
мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының
тiзбесiн анықтау туралы" N 125/6 қаулысына 
2-қосымша                

Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс iстейтiн
әлеуметтік қамсыздандыру мамандары лауазымдарының тiзбесi

      1. Мемлекеттiк мекеме және қазыналық кәсiпорын басшысы және басшысының орынбасары.
      2. Мамандар: дәрiгер, емдәм бикесi, тiс дәрiгерi, медициналық бике, мамандандырылған медициналық бике, күтiм бойынша әлеуметтiк қызметкер.

Павлодар облысы әкiмдiгiнiң       
2008 жылғы 23 мамырдағы         
"Ауылдық (селолық) жерлерде       
жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау,   
әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру,  
мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының
тiзбесiн анықтау туралы" N 125/6 қаулысына 
3-қосымша               

Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс iстейтiн
білім беру мамандары лауазымдарының тiзбесi

      1. Мемлекеттiк мекеме және қазыналық кәсiпорын басшысы және басшысының орынбасары.
      2. Мамандар: барлық мамандықтағы мұғалiмдер, жетекшi, тәрбиешi, нұсқаушы, шебер, әдiстемешi, музыкалық жетекшi.

Павлодар облысы әкiмдiгiнiң       
2008 жылғы 23 мамырдағы         
"Ауылдық (селолық) жерлерде       
жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау,   
әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру,  
мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының
тiзбесiн анықтау туралы" N 125/6 қаулысына 
4-қосымша               

Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс iстейтiн
мәдениет мамандары лауазымдарының тiзбесi

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - Павлодар облыстық әкімдігінің 2010.04.16 N 77/6 қаулысымен.

      1. Мәдениет және мұрағат ісінің мемлекеттік мекемесі мен қазыналық кәсіпорнының басшысы және басшысының орынбасары.
      2. Клуб, мұрағат, мұрағат қоймасының меңгерушісі, бөлімше, сектор, бөлімше (бөлім), филиал басшысы, көркем жетекшісі, үйірме жетекшісі.
      3. Мамандар: сүйемелдеуші, әртіс, библиограф, кітапханашы, дыбыс режиссері, дыбыс операторы, нұсқаушы, мәдени ұйымдастырушы, әдістемеші, суретші, хореограф, мұражайлардағы, мұрағаттардағы қорларды сақтаушы, мұрағатшы, кіші мұрағатшы, археограф.

Павлодар облысы әкiмдiгiнiң       
2008 жылғы 23 мамырдағы         
"Ауылдық (селолық) жерлерде       
жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау,   
әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру,  
мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының
тiзбесiн анықтау туралы" N 125/6 қаулысына 
5-қосымша               

Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс iстейтiн
спорт мамандары лауазымдарының тiзбесi

      1. Мемлекеттiк мекеме және қазыналық кәсiпорын басшысы және басшысының орынбасары, филиал директоры (меңгерушiсi), спорт имараттарының меңгерушiсi, бассейн меңгерушiсi.
      2. Мамандар: нұсқаушы, әдiстемешi, жаттықтырушы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады