Павлодар облысының әкімшілік-аумақтық кұрылысындағы өзгерістер туралы

Жаңа

Павлодар облыстық әкімдігінің 2013 жылғы 12 сәуірдегі N 1 қаулысы және Павлодар облыстық мәслихатының 12 сәуірдегі N 155/17 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 13 мамырда N 3533 болып тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11-бабы 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Әкімшілік реформалар жүргізу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2013 жылғы 28 ақпандағы отырысының хаттамалық тапсырмасы, "Павлодар облысы Ақсу өңірінің әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы" Ақсу қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 20 наурыздағы N 193/2 қаулысы және Ақсу қалалық мәслихатының 2013 жылғы 20 наурыздағы N 111/14 шешімі, "Ақтоғай ауданының әкімшілік-аумақтық құрылымындағы кейбір өзгерістер туралы" Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 27 наурыздағы N 67/1 қаулысы және Ақтоғай аудандық мәслихатының 2013 жылғы 27 наурыздағы N 60/14 шешімі, "Баянауыл ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгеріс туралы" Баянауыл ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 8 сәуірдегі N 115/04 қаулысы және Баянауыл аудандық мәслихатының 2013 жылғы 8 сәуірдегі N 86/15 шешімі, "Железин ауданының әкімшілік-аумақтық құрылымдарын оңтайландыру бойынша кейбір мәселелер туралы" Железин ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 27 наурыздағы N 119/4 қаулысы және Железин аудандық мәслихатының 2013 жылғы 1 сәуірдегі N 101-5/13 шешімі, "Ертіс ауданының әкімшілік-аумақтық құрылымына өзгерістер туралы" Ертіс ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 29 наурыздағы N 166/2 қаулысы және Ертіс аудандық мәслихатының 2013 жылғы 1 сәуірдегі N 64-16-5 шешімі, "Качир ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысын оңтайландыру бойынша кейбір мәселелер туралы" Качир аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 27 наурыздағы N 77/3 қаулысы және Качир аудандық мәслихатының 2013 жылғы 1 сәуірдегі N 3/12 шешімі, "Павлодар облысы Лебяжі ауданының Қазы ауылдық округін тарату туралы" Лебяжі аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 27 наурыздағы N 100/16 қаулысы және Лебяжі аудандық мәслихатының 2013 жылғы 27 наурыздағы N 1/14 шешімі, "Павлодар ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы" Павлодар ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 29 наурыздағы N 76/3 қаулысы және Павлодар ауданы мәслихатының 2013 жылғы 29 наурыздағы N 14/92 шешімі, "Успен ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы кейбір өзгерістері туралы" Успен ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 1 сәуірдегі N 132/4 қаулысы және Успен аудандық мәслихатының 2013 жылғы 1 сәуірдегі N 73/14 шешімі, "Шарбақты ауданының кейбір ауылдық округтерінің әкімшілік-аумақтық құрылымдарына өзгерістер енгізу туралы" Шарбақты ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 28 наурыздағы N 120/3 қаулысы және Шарбақты аудандық мәслихатының 2013 жылғы 28 наурыздағы N 72/22 шешімі, "Павлодар облысы Екібастұз қаласының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы" Екібастұз қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 19 наурыздағы N 270/3 қаулысы және Екібастұз қалалық мәслихатының 2013 жылғы 2 сәуірдегі N 110/14 шешімі негізінде, аталған елді мекендер тұрғындарының пікірін ескере отырып, Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Павлодар облысының әкімшілік-аумақтық құрылымына келесі өзгерістер енгізілсін:
      1) Ақсу қаласы бойынша:
      Ақсу кенті Ақсу қаласының әкімшілік бағынысына;
      Үштерек ауылы Ақсу қаласының Евгеньевка ауылдық округінің әкімшілік бағынысына енгізілсін;
      құрамына Айнакөл және Жолқұдық ауылдық округтерін енгізу арқылы Алғабас ауылын Ақсу қаласының аталған ауылдық округінің орталығы ретінде бекіте отырып, Алғабас ауылдық округі;
      құрамына Ақжол ауылдық округін енгізу арқылы Қалқаман ауылын Ақсу қаласының аталған ауылдық округінің орталығы ретінде бекіте отырып, Қалқаман ауылдық округі құрылсын;
      құрамына Ақсу қаласының Сарышығанақ ауылдық округінің аумағын енгізе отырып, Қызылжар ауылдық округінің;
      құрамына Ақсу қаласының Еңбек және Құркөл ауылдық округтерінің аумақтарын енгізе отырып, Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округінің;
      құрамына Ақсу қаласының Пограничный ауылдық округінің аумағын енгізе отырып, Достық ауылдық округінің шекаралары өзгертілсін;
      2) Ақтоғай ауданы бойынша:
      Ақтоғай ауданының Ақтоғай ауылын ауылдық округтің орталығы ретінде белгілеп, Приреченск ауылдық округінің Жоламан, Қамбар, Приреченск және Тортай ауылдары Ақтоғай ауылдық округінің құрамына;
      Ақтоғай ауданының Андрияновка ауылын ауылдық округтің орталығы ретінде белгілеп, Барлыбай ауылы және Барлыбай ауылдық округі Разумовка ауылдық округінің құрамына енгізілсін;
      Ақтоғай ауданының келесі ауылдық округтері:
      Приреченск ауылдық округі;
      Барлыбай ауылдық округі таратылып, есепті деректерден шығарылсын;
      3) Баянауыл ауданы бойынша:
      аумағын Баянауыл ауданының Қызылтау ауылдық округінің құрамына енгізу арқылы Лекер ауылы және Лекер ауылдық округі таратылып, есепті деректерден шығарылсын;
      4) Железин ауданы бойынша:
      Еңбекші ауылдық округімен біріктіру жолымен Уәлиханов ауылдық округі таратылсын және Железин ауданының Еңбекші ауылы ауылдық округтің орталығы болып белгіленсін;
      5) Ертіс ауданы бойынша:
      Тоқта ауылы мен оның аумағын оған қосу жолымен Ертіс ауданының Панфилов ауылы Панфилов ауылдық округі болып қайта құрылсын және Панфилов ауылы Панфилов ауылдық округінің орталығы болып белгіленсін;
      Қызылқақ ауылы мен оның аумағын оған қосу жолымен Ертіс ауданының Қоскөл ауылы Қоскөл ауылдық округі болып қайта құрылсын және Қоскөл ауылы Қоскөл ауылдық округінің орталығы болып белгіленсін;
      6) Қачиры ауданы бойынша:
      аумағын Воскресенка ауылдық округінің құрамына енгізу жолымен Березовка ауылдық округі таратылып, есепті деректерден шығарылсын және Качиры ауданының Воскресенка ауылы ауылдық округтің орталығы болып белгіленсін;
      аумағын Верненка ауылдық округіне жатқызу жолымен Коммунар ауылдық округі таратылып, есепті деректерден шығарылсын және Качиры ауданының Львовка ауылы ауылдық округтің орталығы болып белгіленсін;
      7) Лебяжі ауданы бойынша:
      Лебяжі ауданының Қазы ауылдық округі таратылсын және есепті деректерден шығарылсын;
      құрамына Қазы ауылын енгізу арқылы Малыбай ауылдық округі қайта құрылсын және Лебяжі ауданының Малыбай ауылы ауылдық округтің орталығы болып белгіленсін;
      8) Павлодар ауданы бойынша:
      Шақат ауылдық округімен біріктіру жолымен Маралды ауылдық округі есепті деректерден шығарылу арқылы таратылсын және Павлодар ауданының Шақат ауылы ауылдық округтің орталығы болып белгіленсін;
      Чернорецк ауылдық округімен біріктіру жолымен Пресное ауылы есепті деректерден шығарылу арқылы таратылсын және Павлодар ауданының Чернорецк ауылы ауылдық округтің орталығы болып белгіленсін;
      9) Успен ауданы бойынша:
      Успен ауданының Ольгин ауылдық округі таратылсын және есепті деректерден шығарылсын;
      Белоусов ауылы Успен ауылдық округінің құрамынан шығарылсын;
      құрамына Белоусов, Ольгин, Тимирязев, Ольхов ауылдарын енгізу арқылы Белоусов ауылдық округі құрылсын, Успен ауданының Белоусов ауылы ауылдық округтің орталығы болып белгіленсін;
      10) Шарбақты ауданы бойынша:
      осы аумақтың шекараларында бір ауылдық округтің құрылуымен Назаровка және Алексеевка ауылдық округтері біріктірілсін, ауылдық округтің атауы "Алексеевка ауылдық округі" болып, Шарбақты ауданының Алексеевка ауылы ауылдық округтің орталығы болып белгіленсін;
      осы аумақтың шекараларында бір ауылдық округтің құрылуымен Қарабидай және Татьяновка ауылдық округтері біріктірілсін, ауылдық округтің атауы "Татьяновка ауылдық округі" болып, Шарбақты ауданының Малиновка ауылы ауылдық округтің орталығы болып белгіленсін;
      осы аумақтың шекараларында бір ауылдық округтің құрылуымен Ильичевка және Сынтас ауылдық округтері біріктірілсін, ауылдық округтің атауы "Сынтас ауылдық округі" болып, Шарбақты ауданының Сынтас ауылы ауылдық округтің орталығы болып белгіленсін;
      11) Екібастұз қаласы бойынша:
      Екібастұз қаласының Өлеңті ауылдық округі таратылсын және есептік деректерден шығарылсын;
      Тай, Талдықамыс және Көксиыр ауылдары жер пайдалану шегіндегі аумағымен бірге Екібастұз ауылдық округінің әкімшілік бағынысына берілсін.
      2. Осы қаулының және шешімнің орындалуын бақылау азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы қаулы мен шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы А. Бойчин
      Облыстық мәслихаттың хатшысы М. Көбенов
      Павлодар облысының әкімі Е. Арын

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады