Ақсу қаласының білім беру мекемелерінің оқушылары мен тәрбиеленушілерінің кейбір санаттарына 2013 жылғы қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдетілген жол жүру құқығын беру туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 2013 жылғы 20 наурыздағы N 110/14 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 22 сәуірде N 3510 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 2013 жылғы 12 қазандағы N 149/20 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 12.10.2013 N 149/20 шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына және 47-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Ақсу қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Ақсу қаласының жалпы білім беру мектептерінің, арнайы түзеу мектеп-интернатының оқушылары мен тәрбиеленушілерінің мынадай санаттарына:
      1) аз қамтамасыз етілген отбасыларының балаларына;
      2) көп балалы отбасыларының балаларына;
      3) жетім балаларға;
      4) мүгедек балаларға;
      5) Ақсу қаласының N 3 арнайы түзеу мектеп-интернатының тәрбиеленушілеріне қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) тегін жол жүру жеңілдігі қосымшаға сәйкес берілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы,
      қалалық мәслихаттың хатшысы                 М. Омарғалиев

Ақсу қалалық мәслихатының
2013 жылғы 20 наурыздағы
(V сайланған XIV сессия)
N 110/14 шешіміне   
қосымша          

Ақсу қаласында қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа)
жеңілдетілген жол жүру құқығы берілген балалардың тізімі


Балалар санаттарының атауы

Ақсу қаласына және Ақсу кентіне бару үшін жеңілдетілген (тегін) жол жүруді қажет ететін балалар саны

1.

Аз қамтамасыз етілген отбасыларының балалары

18

2.

Көп балалы отбасыларының балалары

3

3.

Жетім балалар

3

4.

Мүгедек балалар

1

5.

Ақсу кентінің N 3 арнайы түзеу мектеп-интернатының тәрбиеленушілері

44


Барлығы

69

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады