Ақсу қалалық мәслихатының 2012 жылғы 23 шілдедегі "Ақсу қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау туралы" N 39/7 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақсу қалалық мәслихатының 2013 жылғы 12 сәуірдегі N 124/15 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 15 мамырда N 3535 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 2014 жылғы 31 қаңтардағы N 195/27 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 31.01.2014 N 195/27 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 56-бабы 1-тармағы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 20-бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына сәйкес Ақсу қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Ақсу қалалық мәслихатының 2012 жылғы 23 шілдедегі "Ақсу қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау туралы" N 39/7 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 12-2-206 тіркелген, 2012 жылғы 15 тамызда "Ақсу жолы – Новый путь" газетінің N 27 жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      1-тармақтың 18) тармақшасындағы "қатерлі ісіктері бар адамдар (4 кезең)" деген сөздер "онкология ауруына шалдыққан, онколог дәрігерінің диспансерлік есебінде тұрған тұлғаларға" деген сөздерімен ауыстырылсын;
      2-тармақтың үшінші азат жолындағы "68000 (алпыс сегіз мың) теңге" деген сандар мен сөздер "75000 (жетпіс бес мың) теңге" деген сандар мен сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақтың:
      7), 8), 9) тармақшаларындағы "10000 (он мың) теңге мөлшерінде" деген сандар мен сөздер "7 (жеті) АЕК мөлшерінде" деген сандар мен сөздерімен ауыстырылсын;
      5-тармақтың 3) тармақшасының екінші азат жолындағы "4 (төрт) АЕК мөлшерінде" деген сандар мен сөздер "5 (бес) АЕК мөлшерінде" деген сандар мен сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақсу қалалық мәслихаттың әлеуметтік және жастар саясаты, заңдылық пен құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы                            Т. Носачева

      Қалалық мәслихаттың хатшысы                М. Омарғалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады