Ақсу қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 2012 жылғы 23 шілдедегі N 39/7 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 10 тамызда N 12-2-206 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 2014 жылғы 31 қаңтардағы N 195/27 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 31.01.2014 N 195/27 шешімімен.

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Ескерту. барлық мәтін бойынша "салық төлеушінің тіркеу нөмірі (бұдан әрі - СТН) көшірмесі, әлеуметтік жеке код беру туралы куәліктің (бұдан әрі - ӘЖК) көшірмесі,", "ӘЖК, СТТН көшірмелері,", "ӘЖК, СТТН көшірмелерінің", "СТН көшірмесі, ӘЖК көшірмесі," сөздері "сәйкестіру нөмірін растайтын құжаттың көшірмесі," сөздермен ауыстырылды - Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 2012.12.20 N 88/11 (жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 56-бабы 1-тармағы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 20-бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына сәйкес және жекеленген санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету мақсатында Ақсу қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Әлеуметтік көмек Қазақстан Республикасының келесі санаттағы, Ақсу  аумағында тұрақты тұратын азаматтарға беріледі (бұдан әрі – азаматтар):
      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері;
      2) қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлiмдерiнiң әскери қызметшiлерi үшiн белгiленген жеңiлдiк шарттарымен зейнетақы тағайындау үшiн еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн есептелдi қалаларда Ұлы Отан соғысы кезiнде қызмет атқарған әскери қызметшiлер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары;
      3) Ұлы Отан соғысы кезiнде майдандағы армия құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық қызмет атқарған Совет Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, бұрынғы КСР Одағының iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк әскерлерi мен органдарының ерiктi жалдама құрамаларының адамдары, яки сол кездерде қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлiмдерiнiң әскери қызметшiлерi үшiн белгiленген жеңiлдiк шарттарымен зейнетақы тағайындау үшiн еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн есептеледi қалаларда болған адамдар;
      4) қоршаудағы кезеңінде Ленинград қаласының кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен әрі "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтар;
      5) Екінші дүниежүзілік соғыс кезеңінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелеткке толмаған бұрынғы тұтқындары;
      6) Ауғаныстанда және ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да мемлекеттердегі ұрыс қимылдарына қатысқан және әскери қызмет өткерген кезде мүгедек болып қалған әскери қызметшілер;
      7) Чернобыль атом электр станциясындағы (бұдан әрі - АЭС) апат салдарын жоюға қатысқан және апат салдарынан мүгедек болған адамдар;
      8) бұрынғы КСР Одағын қорғау кезінде, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа уақытта орындау кезінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан немесе майданда болуына байланысты мүгедек болған әскери қызметшілер;
      9) әскери міндеттен орындау кезінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан, яки майданда болуына немесе ұрыс қимылдары жүргізілген мемлекеттерде әскери міндетін орындауына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған бұрынғы КСР Одағының мемлекеттік қауіпсіздік органдарының және ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамындағы адамдар;
      10) бейбіт уақытта әскери қызметін өткеру кезінде қаза тапқан (айтыс болған) әскери қызметшілердің отбасы;
      11) қайталап некеге отырмаған зайып (жұбай);
      12) қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және соларға теңестірілген мүгедектердің әйелдері (күйеулері), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргізілген адамдардың, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен және "Қорғаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған, жалпы ауруға шалдығудың, еңбек ету кезеңде зақым алуының нәтижесінде және басқа себептерге (құқыққа қайшы келетіндерінен басқаларына) байланысты мүгедек деп танылған азаматтардың екінші рет некеге тұрмаған әйелдері (күйеулері);
      13) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдерімен марапатталған адамлар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай кем жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған адамдар;
      14) зейнеткерлік жасқа жеткен тұлғалар, оның ішінде:
      мүгедектер мен қарттарға үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінде есепте тұрған жалғыз басты және жалғыз тұратындар;
      ең төмен мөлшерде зейнетақы алатындар;
      жасы бойынша толық емес көлемде, бірақ ең төмен мөлшердегі зейнетақыдан аспайтын, зейнетақы алатын азаматтар;
      жасы бойынша мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақы алатын азаматтар;
      80 жастан 100 жасқа дейінгі азаматтар;
      100 жасқа толған және одан асқан азаматтар;
      15) мүгедектер, оның ішінде:
      мүгедектер мен қарттарға үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінде есепте тұрған жалғызбасты және жалғыз тұратын мүгедектер;
      18 жасқа дейінгі мүгедек балалар;
      1 және 2-ші топ мүгедектері;
      отбасы құрамында мектепке дейінгі жастағы балалары (баласы) бар мүгедектер;
      сырттай және дистанциондық оқу нысаны бойынша жоғары және орташа оқу мекемелерінде оқитын мүгедектер;
      16) "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде тіркелген жұмыссыздар;
      17) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған, қоғамнан оқшаулатылмай жазаланған сотталған тұлғалар;
      18) онкология ауруына шалдыққан, онколог дәрігерінің диспансерлік есебінде тұрған тұлғаларға;
      19) туберкулез ауруымен ауратын адамдар;
      20) адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырған адамдар;
      21) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай салдарынан қаражатсыз қалған тұлғалар;
      22) жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санатынан, аз қамтамасыз етілген отбасылардан шыққан студенттер;
      23) 12 аптаға дейін жүктілігі бойынша тіркеуге тұру үшін жүгіген жүкті әйелдер;
      26) "Алтын алқамен", "Күміс алқамен" марапатталған немесе бұрын "Ардақты ана" атағын алған, сондай-ақ, I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған көп балалы аналар;
      27) Ақсу қаласына жұмыс iстеу үшiн келген жоғары медициналық оқу орындарының түлектері.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 2012.12.20 N 88/11 (жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.04.2013 N 124/15 (жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.
      2. "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) белгіленген естелік және мерекелік күндерге біржолғы әлеуметтік көмекті келесi көлемде көрcетеді:
      Ұлы Отан соғысындағы Жеңiс күнiне:
      "Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мемлекеттік зейнетақы төлеу жөніндегі орталығы" Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Павлодар облыстық филиалының Ақсу аудандық бөлімшесі (бұдан әрi - Орталық) берген тізімі негізінде, алушының  "Казпошта" акционерлік қоғамының немесе екінші деңгейлі банктегі есеп шотын көрсете отырып, 1-тармақтың 1-тармақшасында көрсетілген санаттар үшін 75000 (жетпіс бес мың) теңге, тұрғын үйдi ағымдағы жөндеуiне 15000 (он бес мың) теңге, азық-түлік жиынын алуға 5000 (бес) теңге мөлшерінде;
      орталықтың тiзiмі негiзiнде 1-тармақтың 2, 3, 4, 5, 8, 9, 10, 11), 12), 13) тармақшаларында көрcетiлген топтарға 3000 (үш) теңге мөлшерінде;
      8 наурыз халықаралық әйелдер күнiне:
      1-тармақтың 24) тармақшасында көрcетiлген санаттар үшін есеп айырысу шоты көрсетілген өтінішінің, жеке куәлігі көшірмесі, сәйкестіру нөмірін растайтын құжаттың көшірмесі, азаматтарды тіркеу кітабының (бұдан әрі - АТК) көшірмесі немесе мекенжай анықтама бюросының анықтамасы (бұдан әрі - МАБА), баланың туу туралы куәлігі көшірмесі негiзiнде 4000 (төрт мың) теңге мөлшерінде;
      1-тармақтың 25) тармақшасында көрcетiлген санаттар үшін есеп айырысу шоты көрсетілген өтінішінің, жеке куәлігі көшірмесі, сәйкестіру нөмірін растайтын құжаттың көшірмесі, азаматтарды тіркеу кітабының (бұдан әрі - АТК) көшірмесі немесе мекенжай анықтама бюросының анықтамасы (бұдан әрі - МАБА), баланың туу туралы куәлігі, баланың мүгедектігі туралы анықтама көшірмесі, N 4 нысандағы анықтама немесе баланың әкесі қайтыс болуы туралы куәлік негiзiнде 4000 (төрт мың) теңге мөлшерінде;
      қарттар күнiне 1-тармақтың 14-тармақшасындағы:
      3, 4, 5, 6, азат жолдарда көрсетілген санаттарға есеп айырысу шоты көрсетілген Орталық берген тiзiм негізінде 2000 (екі мың) теңге мөлшерінде;
      7 азат жолда есеп айырысу шоты көрсетілген Орталық берген тiзiм негізінде 5000 (бес мың) теңге мөлшерінде;
      мүгедектер күнiне есеп айырысу шоты көрсетілген Орталық берген тiзiм негізінде 1-тармақтың 15) тармақшаның 3, 4 азат жолдарында, көрсетілген санаттарға 4000 (төрт мың) теңге мөлшерінде;
      Ауғанстаннан әскер шығу күніне 1 тармақтың 6) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін (Ауғанстандағы ұрыс қимылдарына қатысушылар ғана) есеп айырысу шоты көрсетілген Орталық берген тiзiм негізінде 6000 (алты мың) теңге мөлшерінде;
      Чернобыль атом электр станциясындағы апат күніне 1-тармақтың 7) тармақшасында көрсетілген санат үшін 6000 (алты мың) теңге мөлшерінде есеп айырысу шоты көрсетілген Орталық берген тiзiм негізінде;
      Тұңғыш Президент күніне орай, 1 тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген санаттарға 25000 (жиырма бес мың) теңге мөлшерінде.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 2012.12.20 N 88/11 (жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.04.2013 N 124/15 (жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.
      3. Табыстарын есепке алусыз біржолғы әлеуметтік көмек мыналарға көрсетіледі:
      1) 1-тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін, есеп шотының нөмірі көрсетілген өтініші, жеке куәлігінің, АТК-ның немесе МАБА, сәйкестіру нөмірін растайтын құжаттың көшірмесі, және автомобиль немесе теміржол көліктерінде пайдаланылған жол билеттерінің негізінде жылына бір рет Алматы және Астана қалаларының госпитальдарына бару және тұрақты жеріне кері қайту үшін жолақы шығындарын төлеу;
      2) 1-тармақтың 1), 6) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін, есеп шотының нөмірі көрсетілген өтініші, жеке куәлігінің, АТК-ның немесе МАБА, сәйкестіру нөмірін растайтын құжаттың көшірмесі, және төлеу түбіртегі негізінде медициналық мекеменің анықтамасына сәйкес, 15000 (он бес мың) теңгеден аспайтын тіс протезін салу;
      3) 1-тармақтың 14), 24), 26) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін, есеп шотының нөмірі көрсетілген өтініші, жеке куәлігінің, АТК-ның немесе МАБА, сәйкестіру нөмірін растайтын құжаттың көшірмесі, және санаторлық-курорттық картасы негізінде (облыстық бюджет есебінен санаторлық-курорттық емделуге құқығы бар азаматтарды қоспағанда) 49000 (қырық тоғыз мың) теңге мөлшерінде қысқа мерзімді демалыс және сауығуға немесе санаторлық-курорттық емдеу алуға әлеуметтік көмек көрсету;
      Өтініш беруші санаторлық-курорттық емделу немесе қысқа мерзімді демалыс және сауығудан өткен соң уәкілетті органға санаторлық-курорттық емделуден немесе қысқа мерзімді демалыс және сауығудан өткенін растайтын құжатты тапсырады;
      4) 14), 15) тармақтардың 2 азат жолдарында көрсетілген санаттар үшін, есеп шотының нөмірі көрсетілген өтініші, жеке куәлігінің, АТК-ның немесе МАБА, сәйкестіру нөмірін растайтын құжаттың көшірмесі, есепте тұрғаны туралы уәкілетті органның анықтамасы негізінде 5 (бес) айлық есеп көрсеткіші мөлшерінде (бұдан әрі - АЕК) қатты отын сатып алу;
      5) 1-тармақтың 16) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін жерлеу рәсіміне есеп шотының нөмірі көрсетілген жұбайының (зайыбының) немесе жақын туысының өтініші, жеке куәлігінің, АТК-ның немесе МАБА, сәйкестіру нөмірін растайтын құжаттың көшірмесі, қайтыс болу туралы куәлігінің, қайтыс болған кезде есепте тұрғаны туралы уәкілетті органның анықтамасы негізінде 15 (он бес) АЕК мөлшерінде көмек көрсету;
      6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігіне құжаттандыру:
      1 тармақтың 16) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін есеп шотының нөмірі көрсетілген өтініші, жеке куәлігінің, АТК-ның немесе МАБА, сәйкестіру нөмірін растайтын құжаттың көшірмесі, және есепте тұрғаны туралы уәкілетті органның анықтамасы негізінде;
      1-тармақтың 17) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін есеп шотының нөмірі көрсетілген өтініші, жеке куәлігінің, АТК-ның немесе МАБА, сәйкестіру нөмірін растайтын құжаттың көшірмесі, бостандыққа шыққаны туралы немесе сотталғанын растайтын анықтама негізінде;
      7) 1-тармақтың 18) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін есеп шотының нөмірі көрсетілген өтініші, жеке куәлігінің, АТК-ның немесе МАБА, сәйкестіру нөмірін растайтын құжаттың көшірмесі, және ауруды растайтын денсаулық сақтау мекемесінің анықтамасы негізінде 7 (жеті) АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсету;
      8) 1-тармақтың 19) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін есеп шотының нөмірі көрсетілген өтініші, жеке куәлігінің, АТК-ның немесе МАБА, сәйкестіру нөмірін растайтын құжаттың көшірмесі, және "Ақсу қаласының түберкулезге қарсы ауруханасы" мемлекеттік мекемесімен берілген ауруды растайтын анықтаманың негізінде Ақсу қаласында тұратындарға және амбулаториялық емделудегілерге 7 (жеті) АЕК мөлшерінде көмек көрсету;
      9) 1-тармақтың 20) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін есеп шотының нөмірі көрсетілген "ЖҚТБ қарсы күресу және алдын алу Павлодар облысының Орталығы" мемлекеттік мекемесінің Ақсу бөлімшесімен берілген тізім негізінде 7 (жеті) АЕК мөлшерінде көмек көрсету;
      10) 1-тармақтың 21) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін есеп шотының нөмірі көрсетілген өтініші, жеке куәлігінің, АТК-ның немесе МАБА, сәйкестіру нөмірін растайтын құжаттың көшірмесі, және өрт туралы өртке қарсы қызметінің актісі мен "Павлодар облысының төтенше жағдай және мобилизациялық даярлау департаменті" ММ N 11 және N 17 Өрт сөндіру бөлімшелерімен берілген анықтамасы немесе қорытындысы негізінде 15 (он бес) АЕК мөлшерінде көмек көрсету;
      11) 1-тармақтың 22) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін есеп шотының нөмірі көрсетілген өтініші, жеке куәлігінің, АТК-ның немесе МАБА, сәйкестіру нөмірін растайтын құжаттың көшірмесі, және білім беру қызметін көрсету үшін студент, Ақсу қаласының әкімі және жоғары оқу орнының басшысы арасында жасалған үш жақты келісім шарт негізінде білім беру қызметін көрсету;
      12) 1-тармақтың 23) тармақшасында көрсетілген санатқа есеп айырысу шоты көрсетілген өтінішінің, жеке куәлігі көшірмесінің, сәйкестіру нөмірін растайтын құжаттың көшірмесі, АТК көшірмесі немесе МАБА, шаруашылық жүргізу құқығындағы "Ақсу қаласының емханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны дәрігерлік-консультативтік комиссиясының анықтамасы негізінде 5 (бес) АЕК мөлшерінде;
      13) 1-тармақтың 16) тармақшасында көрсетілген санатқа қосалқы шаруашылығын дамыту үшін есеп айырысу шоты көрсетілген өтінішінің, жеке куәлігі көшірмесі, сәйкестіру нөмірін растайтын құжаттың көшірмесі, АТК көшірмесі немесе МАБА, материалдық-тұрмыстық жағдайын зерттеу актісінің негізінде 210000 (екі жүз он мың) теңге мөлшерінде;
      өтініш беруші, осы әлеуметтік көмекті алған соң екі ай мерзім ішінде өкілетті органға қосалқы шаруашылығы бар екендігін растайтын құжатты ұсынады;
      14) 1-тармақтың 1), 2) , 3), 4), 5), 8), 9), 10), 11), 12), 13), 14) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін "Қазақстан Республикасы ардагерлер ұйымы" қоғамдық бірлестігінің Ақсу қалалық филиалы ұсынатын тізім негізінде мемлекеттік сатып алулар туралы жасалған шартқа сәйкес, Астана қаласына экскурсия ұйымдастыру бойынша әлеуметтік көмек;
      15) 1-тармақтың 27) тармақшасында көрсетілген санат үшін 1 есеп айырысу шоты көрсетілген өтінішінің, жеке куәлігі көшірмесінің, сәйкестіру нөмірін растайтын құжаттың көшірмесі, АТК көшірмесі немесе МАБА, қосымшаларымен қоса жоғары оқу орнын бітіргені туралы дипломның, интернатура бітіргені туралы куәліктің көшірмелері, жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесі негізінде 200 (екі жүз) АЕК мөлшерінде;
      16) 1 тармақтың 16) тармақшасында көрсетілген санаттарға есеп шотының нөмірі көрсетілген өтініші, жеке куәлігінің, сәйкестіру нөмірін растайтын құжат көшірмелерінің, азаматтарды тіркеу кітабы немесе мекен-жай анықтама бюросының анықтамасы көшірмелерінің негізінде ұлттық спутниктік теледидардын орнатуға нақты құны мөлшерінде төлемақы жүргізуге;
      17) 1 тармақтың 1), 13) тармақшаларында көрсетілген санаттарға есеп шотының нөмірі көрсетілген өтініші, жеке куәлігінің, сәйкестіру нөмірін растайтын құжат көшірмелерінің, азаматтарды тіркеу кітабы немесе мекенжай анықтама бюросының анықтамасы көшірмелерінің негізінде жергілікті деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыруға мемлекеттік тапсырысы бар облыстық және қалалық газеттерге жазылуға 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерістер енгізілді - Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 2012.10.25 N 71/9 (жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 2012.12.20 N 88/11 (жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.04.2013 N 124/15 (жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.
      4. Табысты есепке алмағанда тоқсан сайынғы әлеуметтік көмек 1-тармақтың 6) 7) тармақшаларында көрсетілген санатқа сауықтыру үшін 2 (екі) АЕК мөлшерінде Орталықтың есеп айырысу шоты көрсетілген тізімінің негізінде ұсынылады.
      5. Табыстарын есепке алмағанда ай сайын көрсетілетін әлеуметтік көмек:
      1) 1-тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген тұлғаларға дәрі-дәрмек сатып алуға 1 АЕК мөлшерінде, қалалық бюджет есебінен көрсетілетін тұрғын үй көмегінен жазбаша түрде бас тартқан жағдайда коммуналдық қызмет көрсетілулер бойынша шығындарын өтеу үшін 5 (бес) АЕК мөлшерінде - Орталықтың есеп айырысу шоты көрсетілген тізімінің негізінде;
      2) 1-тармақтың 15) тармақшасында көрсетілген санатқа жүріс-тұрысы қиын мүгедектерді мемлекеттік сатып алулар туралы жасалған шартқа сәйкес мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс негізінде Ақсу қаласының шегінде көлікпен тасымалдау бойынша әлеуметтік көмек;
      3) 1-тармақтың 19) тармақшасында көрсетілген санатқа:
      Ақсу қаласының ауылдық жерлерінде тұратын тұлғаларға есеп айырысу шоты көрсетілген өтінішінің, жеке куәлігі көшірмесінің, сәйкестіру нөмірін растайтын құжаттың көшірмесі, АТК көшірмесі немесе МАБА, "Ақсу туберкулезге қарсы ауруханасы" ММ берген, науқасын растайтын анықтама негізінде амбулаторлық емделу кезеңінде жолақысы мен тамақтануына 5 (бес) АЕК мөлшерінде;
      "Ақсу туберкулезге қарсы ауруханасы" мемлекеттік мекемесі ұсынған тізім негізінде мемлекеттік сатып алулар туралы жасалған шартқа сәйкес, Ақсу қаласында тұратын және амбулаторлық ем алып жүрген тұлғаларды мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс негізінде ыстық тамақпен қамтамасыз ету түріндегі әлеуметтік көмек;
      4) 1 тармақтың 15) тармақшасының бесінші азат жолында көрсетілген санаттарға есеп шотының нөмірі көрсетілген өтініші, жеке куәлігінің, сәйкестіру нөмірін растайтын құжат көшірмелерінің, азаматтарды тіркеу кітабы немесе мекенжай анықтама бюросының анықтамасы көшірмелерінің негізінде балалар (бала) мектепке дейінгі мекемені қатысқаны үшін белгіленген құн мөлшерінде төлемақы жүргізуге;
      5) 1 тармақтың 15) тармақшасының алтыншы азат жолында көрсетілген санаттар үшін есеп шотының нөмірі көрсетілген өтініші, жеке куәлігінің, сәйкестіру нөмірін растайтын құжат көшірмелерінің, азаматтарды тіркеу кітабы немесе мекенжай анықтама бюросының анықтамасы көшірмелерінің негізінде "Internet"-ке қосылу және кең жолақты интернет желісін пайдалануға нақты құн мөлшерінде төлемақы жүргізуге.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгерістер енгізілді - Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 2012.12.20 N 88/11 (жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.04.2013 N 124/15 (жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.
      6. Табысын есептегендегі ай сайынғы көмек 1-тармақтың 22) тармақшасында көрсетілген санатқа жоғары оқу орындарында оқу кезеңінде жатақханада тұруына, тамақтануына және тұрғылықты орнына қайта бару жолақысына 15235 (он бес мың екі жүз отыз бес) теңге мөлшерінде осы шешімнің 3-тармағы 11) тармақшасында көрсетілген құжаттардың негізінде әлеуметтік көмек беріледі.
      7. Ақсу қалалық мәслихаттың 2012 жылғы 27 қаңтардағы "2012 жылы қосымша әлеуметтік көмекке құқығы бар азаматтардың жекелеген санатының тізбесі туралы" 15/2 шешімінің (Нормативтік құқықтық  актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 12-2-195 тіркелген, 2012 жылғы 3 наурызда "Ақжол – Новый путь" газетінің N 18 жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      8. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың әлеуметтік және жастар саясаты, заңдылық пен құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      9. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы                            Ғ. Әмірханова

      Қалалық мәслихаттың хатшысы                М. Омарғалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады