Екібастұз қаласы халқының нысаналы тобындағы азаматтарды жұмыспен қамту саласында әлеуметтік қорғау бойынша 2013 жылға арналған қосымша шаралар туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2013 жылғы 17 қаңтардағы N 62/1 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 31 қаңтарда N 3395 тіркелді. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппарат басшысының 2014 жылғы 31 қаңтардағы N 24/1-23/91 хатымен)

      Ескерту. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппарат басшысының 31.01.2014 N 24/1-23/91 хатымен).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5718-118-2-баптарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" N 836, 2011 жылғы 18 шілдедегі "Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуді ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасын бекіту туралы" N 815 қаулыларына сәйкес және халықтың нысаналы тобындағы жұмыссыздардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету мақсатында, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Еңбек нарығындағы жағдайға және қолдағы бюджеттік қаражаттарға сүйене отырып, нысаналы топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін:
      1) жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
      2) әйелдер үшін елу жастан жоғары және ер адамдар үшін елу бес жастан жоғары тұлғалар;
      3) бір жылдан аса жұмыс істемейтін тұлғалар;
      4) отбасында бір де бір жұмыс істейтін адамы жоқ тұлғалар;
      5) "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жолдамасы бойынша кәсіби даярлау және қайта даярлау курстарынан өткен жұмыссыздар.
      2. Жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау бойынша келесідей қосымша шаралар белгіленсін:
      1) халықтың нысаналы тобындағы жұмыссыздар үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырып, жұмыс берушінің шығынына ішінара өтемақы төлеу үшін қалалық және республикалық бюджеттерден субсидия беру түрінде қаржыландыруды қамтамасыз ету;
      2) орта және жоғары білім алғаннан кейін, техникалық және кәсіптік білім беретін ұйымдардың түлектерінен жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін "жастар тәжірибесін" ұйымдастырып, жергілікті бюджет қаражаты мен республикалық бюджеттен бөлінетін трансферттер есебінен қаржыландыруды қамтамасыз ету.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Екібастұз қаласының әкімі                  А. Вербняк

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады