Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны өтеуге сотталғандарға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2013 жылғы 25 қазандағы N 1057/10 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 21 қарашада N 3615 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы N 113/2 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 30.01.2015 N 113/2 қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шiлдедегi Қылмыстық кодексi 42-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңы 31-бабының 2-тармағына сәйкес, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес қоғамдық жұмыстарға тарту түрінде жазаны өтеуге сотталған тұлғаларға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлері белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Екібастұз қаласының әкімі А. Вербняк

  Екібастұз қаласы әкімдігінің
2013 жылғы 25 қазандағы
N 1057/10 қаулысына
қосымша

Қоғамдық жұмыстарға тарту түрінде жазаны өтеуге
сотталған тұлғаларға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлері

      1. Аумақты мұздан тазарту;
      2. аумақтардан және шатырлардан қарды жинау;
      3. аумақты қоқыстан тазарту;
      4. аумақты тұрмыстық қалдықтардан тазарту;
      5. аумақты арам шөптерден тазарту;
      6. ағаштарды және бұталарды кесу, ағарту, отырғызу;
      7. қоршауларды жөндеу және бояу;
      8. ғимараттарды ақтау, бояу;
      9. гүл клумбаларын бөлу;
      10. көгалдарды қайта қазу;
      11. құрылыс қоқыстарын жинау;
      12. бордюрлерді ақтау;
      13. жемшөп дайындау;
      14. тиеу - түсіру жұмыстары;
      15. үй - жайларды жинау.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады