Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Железин аудандық әкімдігінің 24.09.2013 N 389/8 шешімімен.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5-бабы 2-тармағына сәйкес Железин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Нысаналы топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін:
1) бір жылдан аса жұмыс iстемеген тұлғалар;
2) дәрiгерлiк консультативтік комиссиясының анықтамалары бойынша еңбек етуде шектеулігі бар тұлғалар;
3) жиырма тоғыз жасқа дейiнгі жастағы жастар;
4) еңбек өтілі жоқ, жасы жиырма тоғыз жастан асқан тұлғалар;
5) жасы елу жастан асқан тұлғалар.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Қ. Нүкенов