Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабы 2-тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Качир ауданы аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесі бекітілсін:
1) ұзақ (1 жылдан көп) жұмыс істемеген тұлғалар;
2) 29 жасқа дейінгі жастар, қоса алынады;
3) бір де бір жұмыс істейтіні жоқ отбасынан шыққан тұлға;
4) бұрын жұмыс істемеген (жұмыс өтілі жоқ) тұлғалар;
5) жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі уәкілетті органның жолдамасы бойынша кәсіптік оқуды аяқтаған жұмыссыздар;
6) 50 жастан асқан тұлғалар.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күн өткеннен кейін күшіне енеді.
Аудан әкімі | Н. Күлжан |