РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шiлдедегi Қылмыстық кодексiнiң 42-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қылмыстық - атқару кодексiнiң 30-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес Лебяжі ауданы әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоғамдық жұмыстарға тарту түрiнде жазаны өтеуге сотталған тұлғаларға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлерi қосымшаға сәйкес белгiленсiн.
2. Ауыл округтерінің әкімдері Лебяжі аудандық қылмыстық - атқару инспекциясының келісімімен қоғамдық жұмысқа тарту түрінде жазаны өтеуге арналған объектілердің тізімдерін сотқа тоқсан сайын ұсынсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсiн.
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | А. Құрманова |
Лебяжі ауданы әкiмдiгiнiң 2013 жылғы 27 желтоқсандағы N384/73 "Қоғамдық жұмыстарға тарту түрiнде жазаны өтеуге сотталған тұлғаларға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлерiн белгiлеу туралы" қаулысына қосымша |
Қоғамдық жұмыстарға тарту түрiнде жазаны өтеуге
сотталған тұлғаларға арналған қоғамдық жұмыстар түрлерi
1. Тұрмыстық қалдықтарды жинау.2. Аумақты қызылсу мұздан тазарту.
3. Аумақты қардан тазарту.
4. Аумақты қоқыстан тазарту.
5. Аумақты тұрмыстық қалдықтардан тазарту.
6. Аумақты арамшөптен тазарту.
7. Қоқысты жинау және шығару.
8. Жас бұтақтарды кесу.
9. Ағаштарды кесу.
10. Ағаштарды әктеу.
11. Ағаштар егу.
12. Гүлзарларды бөлiп отырғызу.
13. Көгалдарды қолмен қайта қазу.
14. Шөптi шабу.
15. Қоқысты жинау және шығару.
16. Ғимараттарды әктеу.
17. Ғимараттарды сырлау және өзге де жөндеу жұмыстары.