РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 19 маусымдағы "Жұмыспен қамту 2020 жол картасы Бағдарламасын бекіту туралы" N 636 қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Нысаналы топтарға жататын келесі тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін:
1) 21-ден 29 жасқа дейінгі жұмыссыз жастар;
2) бұрын жұмыс істемеген жұмыссыз тұлғалар (еңбек өтілі жоқ);
3) отбасында бірде-біреуі жұмыс істемейтін жұмыссыз тұлғалар;
4) 50 жастан асқан жұмыссыз азаматтар;
5) ұзақ уақыт жұмыс істемеген жұмыссыз тұлғалар (9 айдан артық).
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Бақтылы Қайырбекқызы Қалыбаеваға жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Е. Асқаров |