Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 13 бабы 1 тармағының 4 тармақшасына сәйкес тиісті аумақ халқының пікірін ескеріп және Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 22 сәуірдегі № 3469 «Алматы қаласының шекарасын өзгерту туралы» Жарлығына сәйкес, бірлесіп, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ және бесінші сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Алматы қаласының шекарасына қосылған Алатау кентінің аумағы Алатау шағынауданы болып аталсын.
2. Алматы қаласы мәслихатының аппараты нормативтік құқықтық актіні Алматы қаласының әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткізсін.
3. Осы нормативтік-құқықтық актінің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының әлеуметтік мәселелер және қоғамдық келісім жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы И.И. Лиге және Алматы қаласы әкімінің орынбасары С.Т. Сейдумановқа жүктелсін.
4. Осы нормативтік құқықтық акті әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы қаласының әкімі А. Есімов
V сайланған Алматы
қаласы мәслихатының
XIІІ сессиясының төрағасы А. Мұсабаева
V сайланған Алматы қаласы
мәслихатының хатшысы Т. Мұқашев
Келісілді:
Алматы қаласы
әкімінің орынбасары С. Сейдуманов
Алматы қаласы әкімі
аппаратының басшысы Б. Сауранбаев
Алматы қаласы
Медеу ауданының әкімі С. Мәкежанов
Алматы қаласы әкімі аппараты
заң бөлімінің меңгерушісі А. Қасымова