Алматы қаласында мысықтарды ұстау және серуендету Қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

V сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХІХ сессиясының 2013 жылғы 28 тамыздағы N 157 шешімі. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2013 жылғы 4 қазанда N 1003 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 2018 жылғы 17 сәуірдегі № 223 шешiмiмен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 17.04.2018 № 223 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешiмiмен.
      Бас тақырыбы жаңа редакцияда – Алматы қаласы мәслихатының 18.05.2016 № 17 шешімімен (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-2-тармағына сәйкес, V сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Қоса беріліп отырған Алматы қаласында мысықтарды ұстау Қағидасы бекітілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының қала құрылысы, көріктендіру және коммуналдық меншік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Б.аШинге және Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е. Шормановқа жүктелсін.

      3. Алматы қаласының мәслихаты (Т.аМұқашев) нормативтік құқықтық актіні Алматы қаласы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткізсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      V сайланған Алматы қаласы
      мәслихаты XIX сессиясының
      төрағасы, мәслихат хатшысы Т. Мұқашев

  V сайланған Алматы қаласы
мәслихатының 2013 жылғы 28 тамыздағы
XIХ сессиясының № 157 шешімімен
бекітілген

Алматы қаласында мысықтарды ұстау Қағидасы 1. Жалпы ережелер

      1. Мысықтарды ұстаудың осы Қағидасы (бұдан әрі – Қағида) Алматы қаласының аумағында мысықтарды ұстаудың тәртібін анықтайды.

      2. Қағида меншік (бұдан әрі – иелері) түріне қарамай мысықтарды ұстайтын барлық жеке және заңды тұлғаларға таралады.

      3. Қағида Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңына сәйкес әзірленді.

      Ескерту. 3 – тармақ жаңа редакцияда - Алматы қаласы мәслихатының 18.05.2016 № 17 шешімімен (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

2. Мысықтарды ұстау жағдайлары

      Ескерту. 2 тарау 4-1 тармақпен толықтырылды - Алматы қаласы мәслихатының 18.05.2016 № 17 шешімімен (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      4. Мысықтардың иелері ветеринариялық-санитариялық ережелер мен нормаларды сақтаулары тиіс.

      4-1. Мысықтарды ұстау кезінде иелері келесі талаптарды сақтайды:

      1) жергілікті атқарушы органдардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелеріне, жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарға, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау органдарына хабарлайды:

      мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарға, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау органдарына:

      жаңадан сатып алынған жануар (жануарлар), алынған төлі мен оның өткізілгені туралы;

      жануарлар қырылған, бірнеше жануар бір мезгілде ауырған немесе олар әдеттен тыс мінез көрсеткен жағдайлар туралы хабарлауға және ауру деп күдік келтірілген кезде, ветеринария саласындағы мамандар, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар келгенге дейін жануарларды оқшаулап ұстау жөнінде шаралар қолданады;

      2) үй жануарларын уақтылы бірдейлендіруді қамтамасыз ету;

      3) биологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, жануарларды дұрыс тіршілігі үшін қеректі мөлшерде азықпен және сумен қамтамасыз ету, оларды қараусыз қалдырмау, жануарларға ізгілікпен қарау;

      4) өздерінің үй жануарларының ветеринария-санитарлық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ тері-паразитарлық ауруларға және гельминттерге қарсы уақтылы вакцинация мен диагностиканы қамтамасыз етеді;

      5) мемлекеттік ветеринариялық мал дәрігерлеріне олардың негізделген талабы бойынша клиникалық қарауға, диагностикалық зерттеуге және емдеу-алдын алу шаралары, егу мен вакцинация жұмыстарын жүзеге асыру үшін жануарларды кедергісіз көрсетеді.

      5. Тұрғын жайларда және көп пәтерлі тұрғын үйлерде мысықтарды ұстау кезінде иелері тыныштықты қамтамасыз ету бойынша шаралар қолданады.

      6. Мысықтарды адамдардың көп шоғырланатын орындарында, қоғамдық тамақтану кәсіпорындарында, мектепке дейінгі және білім беру мекемелерінде ұстауға рұқсат етілмейді.

      7. Мысықты әрі қарай ұстау мүмкіндігі болмаған жағдайда олар басқа иелеріне немесе аулауды жүргізетін кәсіпорынға беріледі.

      8. Өлген мысықтың өлексесі аулауды жүргізетін кәсіпорынға өткізіледі.

      9. Қаңғыбас мысықтарды аулау және жою Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ұйымдастырылады және жүргізіледі.

3. Мысықтарды ұстау тәртібі

      10. Мысықтардың иелері:

      1) осы Қағиданың талаптарына сәйкес мысықтарды тиісті жағдайда ұстауды қамтамасыз етеді;

      2) ветеринариялық-санитариялық ережелер мен нормаларды сақтайды;

      3) ветеринариялық және тиісті денсаулық сақтау мекемелеріне ауруына күдікпен қарауды қажет ететін мысықтардың сілекейленуінің, адамдарды тырнап алуының барлық жағдайлары туралы хабарлайды;

      4) ауруға күдік туған жағдайда ветеринариялық қызмет мамандары келгенге дейін мысықтарды оқшаулайды немесе жануарды ветеринариялық клиникаға жеткізеді.

4. Мысықтар иелерінің құқықтары

      11. Тіркелген мысықтар иесінің меншігі болып табылады және барлық меншік секілді заңмен қорғалады.

5. Қорытынды ережелер

      12. Осы Қағиданы бұзғаны үшін мысық иелері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады