Алматы қаласы әкімдігінің "Жануарға ветеринариялық төлқұжат беру" мемлекеттік қызметін көрсету Регламентін бекіту туралы" 2012 жылғы 10 мамырдағы № 2/424 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Алматы қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 25 қазандағы N 4/902 қаулысы. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2013 жылғы 14 қарашада N 1012 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 21 шілдедегі N 3/588 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 21.07.2014 N 3/588 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы», 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңдарына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Алматы қаласы әкімдігінің «Жануарға ветеринариялық төлқұжат беру» мемлекеттік қызметін көрсету Регламентін бекіту туралы» 2012 жылғы 10 мамырдағы № 2/424 қаулысына (2012 жылғы 9 маусымда «Алматы ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 937 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
      кіріспедегі «Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының 9-1 бабының 4 тармағына» сөздері «Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 16 бабының 3 тармағына» сөздерімен ауыстырылсын.
      2. Алматы қаласы Кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және ауыл шаруашылығы басқармасы осы қаулыны Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е. Шормановқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласының әкімі                 А. Есімов


      Енгізуші:

      Алматы қаласы
      Кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық
      даму және ауыл шаруашылығы
      басқармасының басшысы                  А. Балова

      Келісілді:

      Алматы қаласы әкімінің
      орынбасары                             Е. Шорманов

      Алматы қаласы әкімі аппараты
      заң бөлімінің басшысы                  А. Қасымова

      Мемлекеттік қызметтерді көрсету
      сапасының сақталуын бақылау
      бөлімінің басшысы                      М. Сүйіндіков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады