Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы маслихатының 23.07.2015 № 347 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, V сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. V сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХІХ сессиясының 2013 жылғы 12 қыркүйектегі № 175 «Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1004 тіркелген, 2013 жылғы 22 қазанда «Алматы ақшамы», «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
2 тармақ алынып тасталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының әлеуметтік мәселелер және қоғамдық келісім жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы И. Лиге және Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ю. Ильинге (келісім бойынша) жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген кезінен бастап күшіне енеді және 2013 жылғы 1 қарашасынан бастап қолданысқа енгізіледі.
V сайланған Алматы қаласы
мәслихатының кезектен тыс
XXІI сессиясының төрағасы И. Ли
V сайланған Алматы қаласы
мәслихатының хатшысы Т. Мұқашев
Келісілді:
Алматы қаласы әкімінің
бірінші орынбасары Ю. Ильин
Алматы қалалық Жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
басқармасының бастығы Ә. Құлмаханов
Алматы қаласы әкімі аппараты
заң бөлімінің меңгерушісі А. Қасымова