Петропавл қаласының аумағында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің кейбір мәселелері туралы

Жаңартылған

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық әкімдігінің 2013 жылғы 6 ақпандағы N 180 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 7 наурызда N 2212 тіркелді.

      Ескерту. Бүкіл мəтін бойынша "Қағидасы", "Қағида" сөздері "Қағидалары", "Қағидалар" сөздерімен ауыстырылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы əкімдігінің 24.02.2020 № 236 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 3-бабы 2-тармағы 3) тармақшасына сәйкес Петропавл қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса берілген Петропавл қаласының аумағында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу қағидалары бекітілсін.

      2. Петропавл қаласының аумағында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен мөлшерлері айқындалсын, қосымшаға сәйкес.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімі аппаратының басшысы жүктелсін.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы əкімдігінің 24.02.2020 № 236 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4. Осы қаулы оны алғаш ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Б. Жұмабеков
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Солтүстік Қазақстан облысы
      Петропавл қаласының ішкі істер
      басқармасы" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы Ә. Қасейінов

  Петропавл қаласы әкімдігінің
2013 ж.6 ақпанда № 180 қаулысымен
бекітілді

Петропавл қаласының аумағында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу қағидалары

      Ескерту. Бүкіл мəтін бойынша "СҚО ҚІІД" сөздері "СҚО ПБ" сөздерімен ауыстырылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы əкімдігінің 24.02.2020 № 236 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Осы Қағидалар Петропавл қаласының аумағында қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысатын азаматтарды көтермелеу тәртібін анықтайды.

      1. Қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерін Қылмыстардың алдын алу және болдырмауға ықпал еткен қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі қалалық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) қарайды.

      2. Қоғамдық тәртіпті сақтауға белсенді қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы Ұсынысты (қолдау хат) Комиссиясының қарауын "Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының полиция басқармасы" мемлекеттік мекемесі" (бұдан әрі - СҚО ПБ) енгізеді.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы əкімдігінің 24.02.2020 № 236 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Комиссия қабылдайтын шешім көтермелеу үшін негіз болып табылады.

      4. Көтермелеу түрін, оның ішінде ақшалай сыйақы мөлшерін, көтермеленушінің қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесін ескере отыра, Комиссия белгілейді.

      5. Ақшалай сыйақыны төлеу және құнды сыйлықты алу үшін Комиссия қабылдаған шешімге сәйкес СҚО ПБ бастығының қосымша бұйрығы шығарылады.

      6. СҚО ПБ ақшалай сыйақыны төлеуді және бағалы сыйлықты алуды облыстық бюджет қаражаты есебінен жүргізеді.

      7. Көтермелеулерді төлеуге қаражат облыстық бюджеттен, Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті 252 003 "Қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысатын азаматтарды көтермелеу" бюджеттік бағдарламасымен көзделеді.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы əкімдігінің 24.02.2020 № 236 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      8. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін азаматтарға Петропавл қаласы әкімінің Құрмет грамотасын, Петропавл қаласы әкімінің Алғыс хатын, ақшалай сыйақы, бағалы сыйлықтар беруді СҚО ПБ салтанатты жағдайда жүзеге асырады.

  Петропавл қаласы әкімдігінің
2013 ж.6 ақпанда № 180 қаулысымен
бекітілді

Петропавл қаласының аумағында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен мөлшерлері

      1. Петропавл қаласы әкімінің Құрмет грамотасы.

      2. Петропавл қаласы әкімінің Алғыс хаты.

      3. 10 еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшердегі ақшалай сыйақы.

      4. Бағасы 10 еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын құнды сыйлық.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады