"Петропавл қаласының аумағында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің кейбір мәселелері туралы" Петропавл қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 6 ақпандағы № 180 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 24 ақпандағы № 236 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 3 наурызда № 6074 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына, "Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы" Қазақстан Республикасы 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 3 - бабының 2 - тармағы 3) тармақшасына сәйкес Петропавл қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Петропавл қаласының аумағында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің кейбір мәселелері туралы" Петропавл қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 6 ақпандағы №180 қаулысына (2013 жылғы 5 сәуірдегі "Проспект СК" және 2013 жылғы 29 наурыздағы "Қызылжар нұры" газеттерінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2212 болып тіркелеген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының 3-тармағында "Т.Қ. Есжановқа" сөздері алынып тасталсын;

      Петропавл қаласының аумағында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу Қағидасында (бұдан әрі - Қағидалар):

      2-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "2. Қоғамдық тәртіпті сақтауға белсенді қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы Ұсынысты (қолдау хат) Комиссиясының қарауын "Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының полиция басқармасы" мемлекеттік мекемесі" (бұдан әрі - СҚО ПБ) енгізеді.";

      7-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "7. Көтермелеулерді төлеуге қаражат облыстық бюджеттен, Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті 252 003 "Қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысатын азаматтарды көтермелеу" бюджеттік бағдарламасымен көзделеді.";

      бүкіл мәтін бойынша "СҚО ҚІІД" сөздері "СҚО ПБ" сөздеріне ауыстырылсын;

      қазақ тіліндегі Қаулының және Қағидалардың бүкіл мәтіні бойынша "Қағидасы", "Қағида" сөздері "Қағидалары", "Қағидалар" сөздеріне ауыстырылсын;

      Қаулы мен Қағидалардың орыс тіліндегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылауын қала әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Петропавл қаласының әкімі Б. Жумабеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады