"Қазақстан Республикасының бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы Заңының 10-бабына сәйкес, бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша регламенттеу мақсатында Петропавл қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Петропавл қаласында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу орны Набережная көшесіндегі Жеңіс саябағы анықталсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Петропавл қалалық мәслихат сессиясының төрағасы |
Г. Семенова |
Петропавл қалалық мәслихат хатшысы |
Л. Жалмұқанова |